Әнәс (р.а.): «Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.) әл-Адба атты түйесі бәйгенің алдын бармейтін еді. Бір күні әлдебір бәдәуи алты жасқа да толмаған түйемен әл-Адбаны басып озды. Бұл оқиға мұсылмандарды жабырқатып тастады. Мұны байқаған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оларға: Бұл дүниеде шыңның ең ұшар биігіне шыққанды Аллаһ тағала (бір күні) міндетті түрде төмен қарай құлдилатады – деп айтқан еді» – деген.
Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): Пәни дүниенің мүмкіндіктері (Денсаулық, байлық, атақ-даңқ, шен-шекпен және т.б.) тұрғысынан өздеріңнен үстем болып, жоғары тұрғандарға емес, төмен тұрғандарға қараңдар. Өйткені, бұл сендерді Аллаһтың берген нығметтерін азсынып, қанағат тұтпаудан сақтайды – деп айтты» – делінген.