Киім түрлері

Дін істері және Азаматтық Қоғам Министрі Нұрлан мырзаның проблемаларды ашып көрсетуі

Автор: Administrator 19.09.2017 10:24

Кей адамдар діни қағидаларды сөзбе-сөз орындайды

Бүгінгі күні діни бірлестіктермен бірге еңсеретін бірқатар сын-қатерлер тұр. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дін саласына тоқталатын болсақ, қоғамның қауіпсіз болашағына байланысты көптеген сұрақтар осы жерде шоғырланған. «Мемлекет діни бірлестіктерді өзінің әріптесі санай ма, әлде қауіп-қатерлердің шығу көзі ретінде көре ме?» деген сұрақ бізге жиі қойылады. Біз оларға қоғамның рухани мәселелерін шешуде сенімді әріптесіміз ретінде арқа сүйенетінімізді нақты айта аламыз, бірақ бұған бірнеше шарттар бар. Біріншіден, дін әрбір адамның жеке ісі, ол саясиланбауы және заңдарды ауыстырмауы керек. Екіншіден, дін рухани құндылықтарға баса назар аударып, басқа ұстанымдағыларды айыптауға, кінәлауға жол бермеуі керек», - деді министр.

Осы орайда ол Президент «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында зайырлы дәстүрлер Қазақстанның ертеден келе жатқан мұрасы деп атап өткенін еске салып өтті. «Бұның негізінде төзімділік, бейбітшілік және барлық діндарлардың құқықтарын құрметтеу жатыр. Адамдар зайырлы демократиялық мемлекет жетістіктерінің орнына ортағасырлық тәртіппен аласапыран келуі мүмкін деп алаңдайды. Бұндай процестер бірқатар елдерде орын алған. Бұл жағдайды қысқаша айтсақ, егер де біз бүгін зайырлы дәстүрлерімізді жоғалтсақ, азаматтарымыздың үміт отын жоғалтамыз. Осы ретте зайырлылық  атеизм емес  екенін де түсінген маңызды. Қазақстанда 3 600-ден астам діни бірлестік жұмыс істейді. Олар 18 конфессияны қамтиды. Конституция мен заңдар бойынша барлық діндер тең, бірде бір дін өзге діндер алдында артықшылыққа ие емес. Бүгінгі күні діни бірлестіктермен бірге еңсеретін бірқатар сын-қатерлер тұр. Біріншіден, соңғы жылдары азаматтар діншілдігінің жылдам өсуі - діни мәдениеттің дұрыс қалыптасуынан және діни догмаларды сыни қабылдаудан озып кетті. Кейбір діншіл адамдар діни қағидаларды сөзбе-сөз бұлжытпай орындауды заңдар мен зайырлы ғибраттарынан жоғары орынға қойып отыр. Бұл отбасындағы, сондай-ақ жалпы мемлекеттік күрделі сын-қатерлердің, шиеленістердің шығу көзі» дейді Н.Ермекбаев.

НұрАстана Мешіті Сайтынан

 

Елбасы дін жайлы!

Автор: Administrator 23.04.2017 02:58

 

Көкшетауда Ғалияның "Ақай" Сән Үйі Ғимараты салынуда

Автор: Administrator 06.01.2017 23:11

Лето в зиме, или Как подчеркнуть свои корни в одежде


Женский бизнес

Ателье «Акай» в Кокшетау работает с 2004 года. Сначала на дому. Через три года, воспользовавшись первыми программами по поддержке бизнеса, получив кредит через Народный банк, выкупили квартиру в многоэтажке на проспекте Абылай хана, спустя какое-то время - еще одну, соседнюю. А уже на лето запланировано открытие Дома моды «Акай». Хозяйка ателье Галия Алдабергенова в интервью «АП» рассказала о модных тенденциях 2017 года и о том, как учителя и судьи стремятся подчеркнуть в одежде принадлежность к стране, а дети забыли про Буратино и Мальвину.

- Галия Сериковна, новое трехуровневое здание перед ателье выстроили за короткий срок. Можно подробности?

- Мы начали строить его этой весной, уже подвели все коммуникации, на зиму «запаковали», остались внутренние отделочные работы. Планируем там шить одежду - массово и индивидуально. Будут «капсульные» коллекции, магазин тканей и фурнитуры. Помещение построено на заемные средства, но сейчас рассматривается вопрос субсидирования через фонд «Даму» по программе «Дорожная карта бизнеса».

Сегодня у меня трудятся 15 человек: дизайнер, закройщики, «шторница», мастер по меху и коже, приемщица, ремонтницы и так далее. А «стартовала» 12 лет назад с двумя девочками - Асемгуль Калихайдаровой (сегодня она главный закройщик, мастер производства) и Верой Милкиной.

Толығырақ: Көкшетауда Ғалияның "Ақай" Сән Үйі Ғимараты салынуда

 

Менің журналист қыздарым... Медресеге келгенде орамалдары сондай жарасып келеді...

Автор: Administrator 14.07.2016 18:21

Әлхамдулилла, журналист қызымыз ғой! Бұл мамандық иелеріне байламмен қызметтің бірін таңдау проблемасы бар еді бұрын... Қазір қалай, білмеймін. Бірақ... жан жарыңды таппай орамал салмашы, қатты қиналып қаласың...

Әлжан ана қыздар Медресесі құрылысының демеушісі, жанашыры Салтанат!

Алла бағыңды ашсын! Келесі суреттерде Алла Сізге аппақ байлам бұйыртсын, қызым!

 

 

СҮЙІНШІ ХАБАР: ҚМДБ-ның хижаб туралы ұстанымы

Автор: Administrator 08.09.2015 17:49

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

Хижаб – орамал, мұсылман әйелінің ар-намысын қорғайтын жаулығы. Ислам діні мұсылман ер мен әйелдерге әуретін жауып, шариғат әдебі бойынша киінуді бұйырған. Үйден тыс, қоғамдық орындарда ұзын етек-жеңді киім кию – мұсылман әйелдің ары мен абыройын сақтайды. Құран және Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) хадисі мен мұсылман ғұламаларының бірегей пікірі бойынша, мұсылман әйеліне орамал тағу – парыз.

Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Уа, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және иман келтіргендердің әйелдеріне айт: үстеріне жамылғыларын түсірсін...» («Ахзаб» сүресі, 59-аят) деп бұйырған.

Аятта киімнің түсі немесе үлгісі анық айтылмаған. Сондықтан әр ұлт, әр мәдениет өкілдері Алланың әмірін өз ұстанымдары, тарихи таным-түсініктері бойынша орындайды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі мұсылман қыз-келіншектер мен әйелдерді киім кию үлгісінде қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтай отырып, жинақы киінуге кеңес береді. Көзге ерсі көрінетін, дене бітімін айқындайтын, қара түсті киім-кешектерді пайдаланбаған дұрыс. Ал, паранжа (ниқаб) кию – дәстүрлі дінімізге, салтымызға қайшы, бұл діні мен дәстүріне берік болған ата-бабларымыздың жолы емес. Екіншіден, мұсылман жамағаты мен ата-аналарды хижаб мәселесінде қоғамдық келіспеушіліктерге, оқу орындарында әркез кездесетін түсінбеушіліктерге сабырлық сақтауға шақырамыз. Бұл мәселені ушықтыру дұрыс емес.

Үшіншіден, мектеп табалдырығын енді ғана аттаған қыз балаға орамал тақтыру орынсыз деп есептейміз. Өйткені, балиғат жасына толмаған қызға жаулық жабу немесе орамал тағуға міндеттеу – шариғатқа қайшы. Мұндай әрекетке бармас бұрын ата-аналардың байсалды, ұстамды болуларын, ыждаһаттылық танытуларын сұраймыз. Мүмкіндігінше мектеп басшыларымен ортақ мәмілеге келулеріне, қыз баланың толыққанды зайырлы білім алуына назар аударуға кеңес береміз. Білімсіздік – бүлікке бастайтынын ұмытпайық. Алла Тағала қалаған құлына кез-келген тығырықтан шығу жолын үйретеді.

Қазақстан мұсылмандары өзі өмір сүріп отырған қоғамнан бөлініп, бөлек тіршілік етпейді. Ата Заңымыз қоғамдық қатынастарды реттейді және азаматтардың бостандығы мен діни сенімдеріне еркіндік береді. Мұсылмандар да Алланың әмірі бойынша заңды сақтайды және оған құрметпен қарауы тиіс.

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі
www.fatua.kz

 

1 Парақ

«БіріншіӘуелгі12КелесіСоңғы»
Which is the best web hosting company which offers all the features that a small business website needs? Read honest ipage review.
Blue Joomla Template developed by Joomla Hosting