Кітапхана

Рамазан айының алдында Елбасымыз Мекке мен Мадина орналасқан Елге іс сапармен барып қайтқан еді...Қазақстан Президенті «АҚШ – Ислам әлемі» саммиті аясында бірқатар мемлекеттердің басшыларымен және делегация жетекшілерімен келіссөздер жүргізді

Кітапхана

07.06.2017 09:11

Сауд-Арабиясы, Эр-Рияд қаласы.

Мемлекет басшысы «АҚШ – Ислам әлемі» саммиті аясында бірқатар мемлекеттердің басшыларымен және делегация жетекшілерімен қысқа келіссөздер өткізді. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен әңгімелесті. Әңгіме барысында екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары, соның ішінде сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды тереңдету перспективасы талқыланды. Екі ел президенттері күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер жөнінде де пікір алмасты.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті мемлекетаралық ынтымақтастықтың түрлі мәселелері жөнінде Кувейт мемлекетінің Әмірі Сабах әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахпен, Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифамен, Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен, Йеменнің Президентімен, Мавритания Президенті Мохаммед ульд Әбдел-Әзизбен, Пәкістанның Премьер-Министрі Н.Шарифпен пікірлесті.

Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Юсеф бен Ахмед әл-Усайминмен өзара іс-қимылдың кейбір аспектілерін талқылады.

Ақорда Сайтынан.

 

Рамазан айына да санаулы күндер қалыпты...

Кітапхана

08.05.2017 09:48

 

Бисмилла. Әлжан Ана Медресесінің жаңартылған эскиздік жобасы

Кітапхана

28.03.2017 10:30

 

 

Ораза Кестесі

Кітапхана

03.06.2016 11:39

ЕСКЕРТУ:

  • Биыл, яғни 2016 жылы мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша Қасиетті Рамазан айы 29 күн.

 

1. Шілденің 01-нен 02-не қараған түн Ләйләтул-Қадр, яғни қасиеттi Қадiр түнi.

2. Сәресi iшу таң намазының кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады.

3. Ауызды ақшам намазының уақыты болысымен құрмамен немесе сумен және т.б. жеміспен де ашуға болады.

4. Тарауих намазы Құптан намазынан кейiн оқылады, ал Үтiр-Уәжiп намазы ең соңынан жамағатпен оқылады.

5. Пiтiр-садақаны рамазан айының басынан айт намазына дейiн беруге болады. Еліміз бойынша әр адамға 200 теңге.

6. 05 - шілде (сейсенбі) күнi Ораза айт мейрамы басталады.

7. Оразаға ниет: Алла тағала үшін мүбарак рамазан айының оразасын ұстауға таңнан күн батқанға дейін ниет еттім.

8. Ауызашар дұғасы: «Жаратқан Ием Сен үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризық  несібеңмен ауыз аштым. Иә, кешірімді Алла! менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешіре гөр!»

/Муфтиат кз/
 

Періште кімдерге дұға етеді?

Кітапхана

24.10.2015 23:06

Періште кімдерге дұға етеді?
Періште кімдерге дұға етеді?

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Мұсылман бауырына дұға етіп, бауырына саулық, береке, ізгілік, бауырының балаларының бақытын сұрағанға Алла Тағала бір періштені уәкіл етіп тағайындап, ол періште: «Саған да соны тілеймін, саған да береке берсін, саған да амандық берсін» - деп дұға етеді», - деген.


 

1 Парақ

«БіріншіӘуелгі123456789КелесіСоңғы»
Which is the best web hosting company which offers all the features that a small business website needs? Read honest ipage review.
Blue Joomla Template developed by Joomla Hosting