Ел аналары

Әлжан Ана атындағы қыздар Медресесі құрылысы шақырады! Сауапты істен шет қалмаңыздар, Ағайын!

Ел аналары

16.06.2016 19:47

 

ЖАҚСЫ ЕРГЕ ЖАР БОЛУДЫ АРМАНДАЙТЫН ӘЙЕЛДІҢ ДҰҒАСЫ

Ел аналары

07.04.2016 03:37

ЖАҚСЫ ЕРГЕ ЖАР БОЛУДЫ  АРМАНДАЙТЫН ӘЙЕЛДІҢ ДҰҒАСЫ

Назарларыңызға Алланың разылығын ерінің разылығы арқылы табуды мақсат тұтқан келіншектің шағын жазбасын ұсынып отырмыз.

БАРЛЫҚ МАҚТАУ-МАДАҚ АЛЛАҒА ТӘН! ІЗГІ СӘЛЕМДЕР ӨЗІНЕН КЕЙІН ПАЙҒАМБАР КЕЛМЕЙТІН МҰХАММЕДКЕ (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) БОЛСЫН!

Я, АЛЛАҺ! Я, ӘР-РАХМӘӘН! (АСА РАХЫМДЫ) Я, ӘР-РАХИИМ! (ЕРЕКШЕ МЕЙІРІМДІ)! Өзің береке жаудырған түннің үшінші бөлігінде құлың келді алдыңа. Қолын көтерді, алақанын жайды, тілін сөйлетті, маңдайын сәждеге қойды, босағаңнан кеткісі келмейді. Дәл осы уақытта «Кім Менен дұға қылса, оның дұғасын қабыл етемін. Кім Менен сұраса, сұрағанын беремін. Кім Менен кешірім өтінсе, кешіремін!» деп уәде берген Өзіңсің ғой! Я, Раббым! Бар менің дұғам! Көп менің дұғам!

Я, ӘС-СӘМИИЪ (ЕСТУШІ), Я, ӘЛ-БАСЫЙЫР (КӨРУШІ), Я, ӘЛ-МУЖИИБ (ЖАУАП ҚАТУШЫ), Сен маған «киім», билеуші еткен, арамызға сүйіспеншілік пен мейірім, жанашырлық орнатқан, мені «гүлім, аманатым» деп алақанына салған, Жәннатым болар деп үміт еткен жалғызым, жан-жарым үшін дұға жасағым келеді...

Я, ҺӘӘДИ (ТУРА ЖОЛҒА САЛУШЫ), «Я, РАББИ (РАББЫМЫЗ)! «Бізді тура жолға түсіргеннен кейін жүректерімізді ауытқытпа және Өзіңнен бір мейірім сыйла. Ақиқатында, Сен – Сый Берушісінің (әл-Уаһһаб)». Жарымды Өзіңе серік қосу күнәсінан аман ет, амалдарының зая кетуінен сақта! Жүрегін Өзіңнің дініңде бекем ет! Өз тағатыңа бағытта!

Я, ӘЛ-МӘЛИК (ПАТША)! Я, ӘЛ-ХАИЙ (ТІРІ)! Я, ӘЛ-ҚАЙЮУМ (ТҰРҒЫЗУШЫ)!Оның өмірінің қорғаны болған дінін, тіршілік еткен мына дүниесін және қайтар орны болған Ақыретін дұрыстап жақсарта гөр! Дүние тіршілігін әрбір қайырлы істерді көбейтетін орын ет, өлімді әрбір жамандықтан құтылатын демалыс ет!

Я, ӘЛ-ҚААДИР (ШАМАСЫ ЖЕТУШІ)! Я, ӘР-РАЪУУФ! (МЕЙІРБАН, ЕСІРКЕУШІ)! Оны Қабірдің азабынан, Тозақтың отынан, өмір мен өлім бүлігінен сақта!

Я, ӘЛ-УАҺҺАБ (СЫЙЛАУШЫ)! Жан-жарыма ұлы Сыйың Фирдаус Жәннатын нәсіп ет! Ақыретте шыншылдармен, ізгілермен, шәһидтермен бірге болуды тарту ете гөр!

Я, МУҚАДДИМ (ІЛГЕРІЛЕТУШІ, АЛҒА ШЫҒАРУШЫ)! Я, ЗYЛ-ЖӘЛӘӘЛИ УӘЛ-ИКРААМ (ДАҢҚ ПЕН ҚҰРМЕТ ИЕСІ)! Оны және балаларымызды тақуалардың алды ете гөр! Өзіңнің алдыңдағы, Қияметтегі, адамдардың арасындағы дәрежесін биік ет! Сені разы ететін қайырлы қызмет бер! Адал ризық-несібе бере гөр!

Я, ӘЛ-ХӘСИИБ (ЕСЕПКЕ ТАРТУШЫ)! Сенің қаһарыңды оятатын істерден аулақ ет! Ақыреттегі таразысын ауыр ет, амал кітабын оң қолынан алушылардың қатарынан қыл!

Я, ӘЛ-ХАКИИМ (ДАНА, ХИКМЕТ ИЕСІ), Я, ӘЛ-АЛИИМ (БІЛУШІ), Я, ӘЛ-ФӘТТӘӘХ (АШУШЫ, ЖЕҢІС БЕРУШІ)! Оған жақсы мен жаманды айыратын қабілет, даналық бер! Әлбетте, кімге ол нәсіп болса, ол көп жақсылыққа қол жеткізді. Оның білімін арттыр! Соңынан Ақыретіне азық болатын, өлімінен кейін де жалғасын табатын қайырлы білім қалдыру абыройын нәсіп ет! Ең көркем мінез-құлықтарға бағытта, жаман мінез-құлықтардан арылта гөр!

Я, МУЪТЫЙ (БЕРУШІ)! Оған таусылмайтын нығмет (бақ), үзілмейтін қуаныш, Өз дидарыңды көру ләззатына, зиянды қайғыларсыз, адастыратын бүліктерсіз Өзіңе жолығуға құштарлықты сұраймын! Саған деген ұмтылысын көркем ете гөр!

Я, ӘН-НАСЫЙИР (ЖӘРДЕМШІ, ЖЕҢІС БЕРУШІ)! Өзіңді еске алуға, Өзіңе шүкіршілік етуге әрі Өзіңе көркем түрде құлшылық етуге жәрдем бер! Өзіңнің құзырыңда қабыл болатын ғибадаттар жасауда көмекші болғайсың!

Я, РАФИИҚ (ДОС, ЖҰМСАҚ)! Оны Өзіңе дос тұта гөр! Оған Сенен артық дос табылмайды. Расында, Сен Өзіңе дос тұтқан пендең қор болмайды. Айналасына оны Сенің разылығың үшін жақсы көретін, ол үшін дұға жасайтын, Қияметте шапағатшы болатын тақуа жолдастарды топтастыра гөр!

Я, УӘЛИИ (БАСҚАРУШЫ, ҚАМҚОРШЫ), Я, ӘЛ-МӘУЛӘ (ЖАҚЫН ҚҰЛДАРЫНА ҚАМҚОРШЫ)! Күндіз де, түнде де оны Өз қамқорлығыңа ала гөр! Оның Сенен басқа арқа сүйері, қорғаны жоқ! Жалқаулықтан және жаман халде қартаюдан аман ет! Дініне, тұрмыс-тіршілігіне, жанұясы мен мал-мүлкіне жарылқау мен есен-амандық бер!

Я, ӘЛ-ХӘФИИЗ! Алды-артынан, оң жақ-сол жағынан, төбесінен Өзің сақта! Нәпсісінің кесірінен, шайтанның жамандығы мен тұзағынан сақта! Оны әлсіздіктен, жалқаулықтан, қорқақтықтан, сараңдықтан, қаусаған кәріліктен, қатыгездіктен, қаперсіздіктен, мұқтаждықтан, қарызға батудан, қорлықтан, кедейліктен, күпірліктен, пасықтықтан, араздықтан, екіжүзділіктен, әрі өзгелердің естуі үшін, әрі көруі үшін амал қылудан сақтай гөр! Я, Алла! Оны саңырау, соқыр, жынды, алапес болуынан және барлық жаман аурулардан сақтауыңды сұрап, бір Өзіңе сиынып, пана тілеймін!

Я, РАББ! Оның істері мен жүрегінің иесі – Жалғыз Өзіңсің! Маған қатысты оның жүрегіне Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Аишаға (оған Алла разы болсын) деген махаббатын салып қойғайсың! Екеумізге Өзіңнің разылығың үшін болған сөнбейтін махаббатты нәсіп ет!

Я, ӘЛ-УӘДУУД! Оны Өзің сүй! Оған Сені, Елшіңді, дініңді, Құраның мен сүннеттіңді сүйетін жүрек бер! Сені жақсы көретінді жақсы көруді және Сенің жақсы көруіңе жақындататын әрбір амалды жақсы көруді сүйікті ет! Иман көркемдігімен көріктендіре түс әрі бізді тура жолды ұстанған жетекшілерден ете гөр!

ӘШ-ШӘӘФИИ (ШИПА БЕРУШІ)! Тәні мен жүрегінің дерттерінен айықтыра гөр! Өзіңнің алдыңа сау жүрекпен барушылардан ете гөр!

Я, ӘЛ-ЖӘМИИЛ! Оның жүзін маған, менің ажарымды оған сұлу ет! Жанымызды сұлу ет! Мені оның көзінің қуанышы, жүрегінің тыныштығы ете гөр!

Я, ӘЛ-ҒАНИИ (БАЙ), Я, ӘР-РААЗИҚ  (РИЗЫҚ БЕРУШІ), Я, ӘР-РАЗӘӘҚ (РИЗЫҚТЫ МОЛ ЕТІП БЕРУШІ)! Ризығын берекелі ет! Осы дүниеде ер жігіттің бақыты болатын үш нәрсені: көзінің қуанышы болатын, дүние-мүлкін сеніп тапсыра алатын әйелді, жолдастарынан артта қалып кетпейтін жақсы, жүйрік мініс көлікті, көп бөлмелі кең үйді оған да нәсіп ет! Я, Алла, біз Сенен бұл дүниенің бар байлығын сұрамаймыз. Ақыреттегі бақытты өмірді, Өзіңнің жаныңдағы кең сарайды, Жәннат бақтарындағы жайлылықты мақсат тұтамыз! Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер және бізді тозақ азабынан сақта!

Я, ЪАФУУ (ҒАФУ ЕТУШІ)! Я, «ҒАФУУР (КЕШІРУШІ), Я, ӘТ-ТӘУУӘБ! Оның кіші-үлкен, әуелгі-кейінгі, жасырын-әшкере күнәларын кешіре гөр! Күнәларды кешіретін Өзіңнен басқа ешкім жоқ!

Я, ЪАЗЫЙИМ (ҰЛЫ)! Я, ЪАЗИИЗ (ҮСТЕМ)! Оған разы бол! Оның соңғы сөзінің «Лә иләһә иллә Аллаһ» болуын нәсіп еткейсің!

Кәусәр Абдул Хаким

 

12-ші ақпан күніне Астанаға шақырамыз, орамалдылар!

Ел аналары

11.01.2016 13:55

ҰЛАҒАТЫ МОЛ ШАРА


Үстіміздегі жылы 12 ақ­пан­да Астана қаласында «БӘЙБІШЕСІ ҚАЗАҚТЫҢ – ЕЛ ҚАМҚОРЫ» тақырыбында ұлттық салт-дәстүр, имандылық тағы­лымдары кеші өтеді. Айша қоғамдық қоры ұйым­дас­тырғалы отырған бұл шара қасиетті Мәуліт ме­ре­кесімен тұспа-тұс келуі се­беп­ті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) дүниеге келуі, өмірі жайлы жыр-дастан оқылып, үздік Мәуліт оқушы жеңімпазға бас жүл­деге қасиетті Құран кітабы сыйға тартылмақ. 
Қазақтың ұлттық киімдері үлгілерін күнделікті киіп жүруге лайықтап әкелген фирмаларға өз өнімдерін таратуға көмек жасалынады. Бұл байқауда да жеңімпазға жүлде бар. 
Қатысуға ниет білдіргендер Астана қаласындағы қонақ­үй­мен қамтамасыз етіліп, Елордаға саяхат ұйымдастырылатын кө­рінеді. Ол үшін шараға қатыс­қысы келетіндер «Айша» қоғам­дық қорына хабарласуы тиіс. Қордың жетекшісі Айша қажы: «Қыс айында сапарға шыға алмаған ағайынға айтарымыз, жер аяғы кеңіген жайдары жаз айы – 6 шілдеде «Ертеңім – Елім – Елбасым» атты имандылық тағылымдарынан ер азаматтар арасында жарыс өтетінін хабарлаймыз. Балуан, сері, ақын, молда жігіттерді сегіз қырлы, бір сырлы біліммен шеберлік сайысына шақырамыз. Бақ сынамақшы азаматтарға медресе құрылысын көтерісуге ертерек келіп, асарға қатысып, құрылыс өнерінен шеберліктерін сынға салса, игі», – дейді.

Алтынай Айдарқызы

/Түркістан газеті Сайтынан алынды/


пiкiр бiлдiру: Бұл бұрнағы жылдарда Түркістан газетінде жарық көрген ақпарат! Осы бағдарлама сәл өзгерістермен жаңартылып, биыл да иншалла, осы 12-ші ақпанда, сағат 12.00-де Астана қаласы, Қарқабат көшесі, 2. Әбіш ата Назарбай Мешіті аумағында, құрылысы біраз алға басқан Әлжан Ана атындағы қыздар Медресесі аумағында өтетінін хабарлаймыз! Тел: 87014701366. 87172 540797, Айша Қоғамдық Қоры.

 

 

Ғибрат

Ел аналары

20.01.2015 11:42

Дін мен дәстүрдің арасына сына қақтырмайық.


Оңтүстік жақтан келген қонақ Ақтөбе көшелеріндегі далбалақтаған қара-сұр кең көйлектерді киіп, бүркеніп алған әйелдерді көргенде «араб елдеріндегідей мыналары несі?» деп жағасын ұстады. Атам қазақтың қыздары мен әйелдері кимегенді киіп, жүргендер кімдер? Олар осылай киінгені үшін ақша алады екен деген қауесет қаншалықты шындыққа жанасады? Ақ мен қараны айыра алмаған адасушылар, ата-анасының асын харам дейтіндер қайдан шықты? Мұның бәрі білместіктің, біреулердің жетегінде кете бергіштігімізің кесірі. Сондықтан тарихқа көз жүгіртіп, ата -бабамыз қандай болды деп ой қозғау артықтық етпейді.

Дін мен салт-дәстүрдің арасына сына қағып, ғасырлар бойы қалыптасқан бірлікке қарсы, халықтың іргесін ажыратуға бағытталған , құндылықтарымыздан айыратын, астыртын жасалып жатқан қауіпті әрекеттер көбейіп кеті. Бұл әрекет кімдердің тарапынан, қандай мақсатпен жасалып жатыр, оған қалай тосқауыл қоямыз, ара жігін аша алмай келеміз. Білетініміз бұл-кеше-бүгін басталған әрекет емес.

Айнұр Әбдірасылқызы, ҚР Дін істері Агенттігі төрағасының кеңесшісі:

- Дін мен дәстүр сұқбатына сына қағудың ең белсенді әрекеті кешегі ресейлік патшалық пен кеңестік дәуірде жасалды. Біріншіден орыстандыру саясаты жүрді. Онымен бірге орыс қазақ мектептерін ашу арқылы христиандыру саясаты жүрді. Дінімізге сына қағудың бір толқыны ретінде қазақ жеріне көптеген орыс шаруаларды қоныстандыруды айтуға болады. Патшалық Ресей өздерінің дінбұзарлары мен елбұзарларынан қазақ жеріне қоныс аударып, құтылды. Ол да әсер етті. Исламды татарлар арқылы тарату арқылы патшалық ресей дәстүрлі орта азия мектебінің тұғырын шайқалтқысы келді. Дінді өздері қалағандай түрде таратып, негізгі құндылықтардан айыруды көздеген еді.

Ресей патшалығы мен Кеңес үкіметі сөйтіп дәстүрлі орта азия мұсылмандығына шабуыл жасайтын барлық тетіктерді қолданды. 1926 жылдан бастап имамдар қудаланды. Мешіт-медреселер жабылды. Ал 1943жылдан бастап орта азия дін басқармасы құрылды. Оның басына шариғатшыларды бір шартпен орта азия мұсылмандығының тірегі болған тарихат туралы теріс пәтуа шығарасыңдар деген шартпен қойды.Бірақ осы 17 жыл ішінде қазақ мұсылмандығынан айрылып қалды деуге болмайды. Атам қазақ қашанда 5 уақыт намазы оқып, оразасын ұстап, шариғат жолын ұстанып келді. Әріе көз жүгіртсек, қазақ -1200 жылдан бері мұсылман халық,ислам қазақтың етінен өтіп, сүйегіне сіңіп жетті, қазақтың салт- дәстүрімен астасып кетті деп көп айтамыз. Ислам қазақ даласына алғаш қандай мінезбен келді? Радикалды бағыттағылар айтып жүргендей тарихына балта шабатын, мәдениетін танымайтын агрессияшыл ұстаныммен келген болса, ондай исламды қазақ қабылдамас еді . Тарихқа көз жүгіртсек, Ислам қазақ даласына өзінің шынайы болмысымен, жасампаздығымен келді. Исламның кеңдігі , толерантылығы, тазалығы , кеңпейілділігі қазақтың өз бойында бар еді. Дегенмен қазақ исламды бірден қабылдаған жоқ , әрине ғасырлар бойы бірте -бірте сіңіріп, қабылдады.

Айнұр Әбдірасылқызы, ҚР Дін істері Агенттігі төрағасының кеңесшісі:

- Көптеген деректерде қазақ деге сөздің шығу тарихы төркіні қайда дегенде, қаз аль хақ дегенді көп айтады. 12-13 ғасырда арабтар осы қазақтың мұсылмандығын тексеркеле, бұлар хақ жолындағы халық екен деп бағалапты. Содан қазақ деген сөз шығыпты дейді. Екінші жартысымен келісу қиын. Қашан арабтар келіп, қаз аль хақ дегенше, қазақ атаусыз отырды деген де ақылға сыймайды.

Халел Досмұхамбетов ағамыздың «Аламан» деген кітабында жазылған Өзбекстан жерінің тап ортасында салынған Көкілташ медресесі жайлы аңыз бар. Аңыз болса да, шындығы көп. Өйткені Көкілташ мешіті бар. Бұл дәстүрлі қазақ мұсылмандығына қойылған ескерткіш, дін мен дәстүр сұқбатына сына қаққысы келген адамдарға тарихи жауап болып тұр .

Бұхараның атақты ғалымдары іргеде жатқан, көшпенді қазақ халқын дінсіз деп жариялап, құлдыққа салайық депті. Араларынан бір иманына қараған біреу бүтіндей елді құлдыққа салғанымыз жарамас, алдымен бір өкілін шақырып алып, өздерін сынап көрейік депті. Қазақтар өз араларынан Көген деген жігітті жібереді. Сайын даланың ғұламаларынан үйренген Көген дін-шариғат жөніндегі сұрақтар ғана емес, тіпті Бұхара ғұламаларының өздері жауап таба алмай мәселелеріне сауатты жауап береді. Тәнті болған ғұламалар; «Сен бүтін бір халықты құлдықтан құтқардың, тілегіңді айт» дейді.

«Бұхараның ортасынан мешіт -медресе салам және балиғатқа толғаннан дәретсіз жер баспаған адамды маған қосып бересіз деген екен . Бірақ бүкіл өзбек жерінен ондай бір адам табылмай, Көген мештті өзі салған дейді аңызда. Бүкіл орта Азия ғұламалары оқыған медресе осылайша салынып, 5 ғасыр бойы халыққа қызмет етіп әлі тұр. Дана бабамыз оны неге қазақ даласында салмады ? Неге 100 мешіті бар Бұхарада салды ? Бұл жерде сан ғасыр өткен соң ұрпақтарымызды біреулер келіп, сен сайын далада көшіп жүрген дінсіздің ұрпағысың , сенің дінің мен дәстүріңнің байланысы жоқ еді деп айтпасын деп атамыз салып кеткен мызғымас ескеркіш деп түсіну керек.

Осындай аталарымыз салып кеткен тура жолдан таймай, ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрімізден ажырамай, сақтап ұрпақтан ұрпаққа жеткізе білу біздің міндет.

Бахыт Жаншаева
kazakia.kz

 

Ана туралы мақал-мәтелдер

Ел аналары

04.09.2014 22:09

Анасын ренжіткендерді Алла тағала да жақтамайды.

Ақылды әйел ішінде, алтын бесікті ұл жатар.

Толығырақ: Ана туралы мақал-мәтелдер

 

1 Парақ

«БіріншіӘуелгі123КелесіСоңғы»
Which is the best web hosting company which offers all the features that a small business website needs? Read honest ipage review.
Blue Joomla Template developed by Joomla Hosting