Пайғамбар өмірбаяны

Пайғамбарымыздың (ﷺ) бір тал шәриф сақалы көкшелік мұсылманның назарына ұсынылды

Пайғамбар өмірбаяны

05.10.2015 23:54

Пайғамбарымыздың (ﷺ) бір тал шәриф сақалы Көкшетаудағы Науан хазрет атындағы жаңа мешітте тұңғыш рет көкшелік мұсылманның назарына ұсынылды.

Бұрнағы жылы Атбасар ауданының Садовый ауылының тұрғыны 85 жастағы Фатима әжеміз өз ата-бабаларынан мирас болып келе жатқан бұл құнды жәдігерді еліміздің Бас мүфтиіне аманаттап,  тапсырған еді.

Көкше жұртшылығына ұлық пайғамбардың (ﷺ) ұлықтығын айғақтаған қасиетті жәдігер тұңғыш рет таныстырылып отыр. Барша адамзаттың арда тұтар тұлғасы Мұхаммедтің (ﷺ) хақтығын сипаттайтын  бір тал сақал шәрифінің қазақ елінде табылуының өзі  таңғажайып оқиғаның бірі десек еш қателеспейміз.

Көкшетауда бой түзеген жаңа мешіттің ашылуынан кейінгі есте қалар айрықша оқиға – Пайғамбардың (ﷺ) бір тал сақал шәрифін көруге жиналған қауымда сан болмады. Күні бойы мыңдаған адам мешітте қастерлі жәдігерді көру мүмкіндігін иеленді.

Шынында да, қасиетті  Құранда: «Сендерге Алланың елшісінде көркем өнеге бар» делінеді. Адамзатқа рақым болып түскен пайғамбарымызды (ﷺ) ұлықтау қастерлі істердің біріне жатады. Қасиетті Мекке мен Мәдинада ұлық пайғамбарымыздың (ﷺ) өмірін паш ететін  ұлағатты ізі сайрап жатыр. Ал, одан қалған жәдігерлер әлем мұсылмандары үшін қасиетті дүниеге айналған.

Қасиетті құран оқылып болғасын облыс имамы Қанат Қыдырмин бұл жәдігердің қастерлі құндылық екендігі жөнінде кеңінен әңгіме қозғады. Сақал шәриф салынған түтікшенің осының алдында араб елінде зерттелгенін, оның риясыз ақиқат жәдігер екендігі дәлелденгенін атап көрсетті. Араб ғалымдары да мұндай жәдігерлердің әлемнің түпкір-түпкірінде бар екендігін де жоққа шығармайды.

Егер тарихқа жүгінсек, пайғамбар (ﷺ) өмірінің соңғы күндерінде осындай сақалынан қырқылған бір шоқ сақалын сахабаларына бергені айтылады. Кейін бұл жәдігер Осман империясы кезінде Ыстамбұлдағы Топкапы мұражайына сақталады. Ал, осы түрік империясының сұлтаны ислам дінін қабылдаған елдердің басшыларына бір тал сақал шәриф салынған түтікше шыныларды тәбәрік ретінде сыйға ұсынған екен.

Міне, Ақмола өңірінде табылған бұл жәдігердің орны бөлек. Ең бастысы, ол ғасырлар бойы қиын-қыстау алмағайып замандарда осы қасиетті затты сақтап келген бабаларымыздың асыл дінімізге деген беріктігін көрсетсе керек. Мысалы, бір тал сақал шәриф салынған қобдишаның ішінде табылған жазбалардағы сөздердің қазақша аудармасында былай делінеді: «Ғаламның нұры, жаратылыстың жауһары, махшар күні күнәһарлардың шапағатшысы Пайғамбардың, оған Алланың сансыз салауаты мен сәлемі болғай, жұпар иісті мүбәрак бір тал қара сақалы.

Бисмилләһир-рахманир-рахим.

Барлық мақтау Аллаға тән, барлық мақтау Құранды тарту еткен, өзімізді иманның тура жолына салған, Меккедегі Қағба Үйіне кеңшілігімен және игілігімен    кіргізіп,    қауіпсіз    еткен    һәм    Аднан    ұрпағының    төресі, Пайғамбардың қабіріне, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын, зиярат етуді нәсіп етіп, көңілімізді хош еткен Аллаға тән.

Алла Тағаладан өзімізді жұмақта біліміне амал ететін ғұламалармен бірге жинауын тілейміз.

Алланың салауаты мен сәлемі ұлы мінезге ие еткен Елшісіне, оның әулетіне һәм сахабаларына болсын!

Дін мен міллет ғұламалары, ашық та айқын сүннеттің жақтаушылары!

Осман мемлекетінің қазынасына жататын Пайғамбардың, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын, осынау бір тал мүбәрак сақалын шейх Ахмадуддин һижри 1273 жылдың 12 мұхаррам күні (миләди 1856 жыл 12 қыркүйек) Мекке Мукаррама қаласы, Алла оның шарапатын арттырсын, мұсылман қауымының алдында Сәид Масғұд ибн Сәид Махмұдтан алды.

Ал Сәид Масғұд болса, осы бір тал мүбәрак сақалды 1267 жылы 18 шағбан күні (1849 жыл 9 шілде) Мекке Мукаррамада, Алла құрметін арттырсын, Мәдина Мүнәууараның тұрғыны Сәид Абдулла ибн һашимнен алған.

Абдулла ибн Һашим осы бір тал мүбәрак сақалды 1265 жылы 14 шәууәл күні (1849 жыл 2 қыркүйек) Мекке Мукаррамада Сәид Асғад ибн Сәид Мұхаммедтен алған.

Алланың рахымына пақыр пенде (яғни Ахмадуддин) Осман мемлекет қазынасынан алған Пайғамбардың, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын, осынау бір тал мүбәрак сақалын 1257 жылы рамазан айының бесі күні Рум қаласында мұсылман жамағатының қатысуымен білімдар, тақуадар Рум Муфтиі Мулла Иуаз Мұхаммедке ризалығымен һәдия еткен.

Ал Мулла Иуаз Мұхаммед 1287 жылы сафар айының 8-і күні (1870 жылы 7 маусым) осынау бір тал мүбәрәк сақалды Исламбул қаласында екі харамның қажысы Дамулла Рахманбердінің ұлы Мулла Абдулханифке табыстаған.

Мүбәрәк сақал туралы ешқандай күмән, шүбә болмасын, ин шаа Алла. Бұхараға жеткен соң ғұламалары және жұрты оны растасын, ұлықтап, құрметтесін, қастерлесін!

Аталмыш келісім 1287 жылдың 11 сафар күні (1870 жыл 10 маусым) сүннет һәм құжат жолымен Рум қаласында орналасқан өзбек нақшыбандия тәкиясында жасалды. Бұл тәкия Бұхара шәриф жолаушыларының тоқтайтын мейманханасы. Оны салған шейх Қажыбай марқұм.

Қажы Иуртеке осынау бір тал мүбәрак сақалды шамамен миләди 1869 жылы алды.

Мен бұл мүбәрак сақалды 1921 жылы март айында қажы Иуртеке қажыдан алдым. Алған адамның аты Бөкей қажы Сандыбайұлы.

Бөкей қажы қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Әбдібек алды.

Бөкей қажының қайтыс болған жылы 1924 жылдың февраль айы».

Көкшетаудың мешітіндегі шарада сөз алған Фатима анамыз бұл шәриф дүние аталарының қолына 1921 жылы тигенін айтты. Ал, оның алдындағы адамдар жайлы толық деректер жоқ. Бұл тұлғалардың араб па, қазақ па, әлде басқа қауымнан ба, оны ажырату әзірге қиындық келтіріп отыр.

Біздің бір байқағанымыз, шыны түтікшенің күміспен күптелген жеріндегі мөр қобдишаның бетіндегі темір жапсырмада да бар. Сонымен бірге, жазбада келтірілген тұлғалардың бірінің қойған мөрі Иерусалим қаласындағы белгілі әл-Ақса мешітіне сұрау салу арқылы айғақталып отырғаны айтылды.

Жиналған қауым алдында сөз алған Фатима анамыздың толғанысын да көріп те ерекше әсер алдық. Ұлы атасы Бөкей қажы мешіт салып, дін таратқан адам екен. Ал, әкесі Әбдібек те дін жолында бар ғұмырын өткізген. Осындай ұлағатты отбасында тәрбиеленген Фатима анамыздың ата-бабадан мирас болған қастерлі дүниені осы күнге дейін көздің қарашығындай сақтап келгендігі баршамызға үлкен өнеге болса  керек. Тіпті, әкесі сонау кеңес өкіметі орнаған жылдары осы тәбәрак затты үйіне емес, далада жасырған күндері де болған екен.

– Сексеннің сеңгіріне шыққан жасымда пайғамбарымыздың (ﷺ) көзіндей көрінетін бұл қастерлі дүниені кімге табыстарымды білмей, қиналған кездерім де болды. Кейде ұйқым қашып, жанымды қоярға жер таба алмайтын едім. Енді міне, сол асыл дүниені еліміздің мүфтиятына табысталғалы көңілім жай тапты, Мен де өзімнің  ата-бабаларымның алдындағы аманатымды орындадым, – деді өз сөзінде Фатима анамыз.

Осылай Пайғамбарымыздың (ﷺ) бір тал сақал шәрифін ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап, көзінің қарашығындай сақтап келген Фатима әжемізге облыс имамы Қанат Қыдырмин сәйгүлік мінгізіп, Бурабайда демалуға жолдаманы табыс етті. Сонымен бірге ол қасиетті Мекке мен Мәдинаға барып, ұмра қажылығын өтеуге де жолы түсетін болады.

Алланың үйінде мыңдаған адамның кезек тосып, асыл пайғамбарымыздың (ﷺ) бір тал сақал шәрифін көруге ынтызар болған сәтін көрсеңіз. Жанарына жас іркілген қарияларды да көзіміз шалды.

Мен бүгін бақыттымын. Жақында ғана Көкшетауымызда жаңа мешітіміз ашылып еді. Енді міне, сол нұрлы мешіт жақсы шараның ошағы болып отыр. Қандай ғажап пайғамбардың (ﷺ) бір тал сақал шәрифін көру. Қазақ елі бағы биік, бақыты асқақ ел боларына сенемін, – деп ағынан жарылды Көкшетау қаласының құрметті азаматы Болат Жанәділов. Шынында,   бұл күні осындай сәтті басынан кешкен  жандардың шынында да өздерін ерекше бақытты  екенін  сезінгендіктеріне шүбә жоқ.

Бұл шара Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен қарттар айлығы шеңберінде елдің ақсақалдарына арналып берілген аспен жалғасын тапты.

 

Бақыт СМАҒҰЛ,

Ақмола облысы.

Суреттерде: салтанатты шарадан көріністер.

Суреттерді түсірген Берік Ескенов.

 

/муфтиат сайтынан/


 

ЕЛБАСЫМЕН ЕГЕМЕННІҢ СҰХБАТЫ! Қиын да құрметті Тәуелсіздік Жолы оңай болған ба?!

Пайғамбар өмірбаяны

28.06.2015 02:54

Сыртқы саясат соқпақтары

Ақпарат көзі: http://egemen.kz/2015/06/27/68074
Сыртқы саясат соқпақтары


Назарбаев-Абдрахманов-новый вариант

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен журналист Сауытбек Абдрахмановтың сұхбат кітабынан– Қазақстанның тәуелсіздік жыл­дарындағы жеткен жеңістері мен тат­қан жемістерінің баршасының бас­ты кепілдерінің бірі – сыртқы саяса­ты­мыздың сарабдалдығы. Тәуелсіздік жолына қатар түскен елдердің арасында халықаралық аренада дәл Қа­зақ­­стандай тез танылған, тез құрмет­телген, Батыс та, Шығыс та қатар мой­­ындаған дәл біздің елдей ел жоқ десем артық айтқандық болмайды. Бас­­қасын былай қойғанда Қазақ­станның ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа қол жет­кі­зуінің өзі білген жанға тамаша табыс. Біз бұл биікке бүкіл ТМД кеңісті­гінде, бүкіл түркі әлемінде, бүкіл мұ­сылман дүниесінде бірінші көтерілген мемлекетпіз. Осылай тарихта қалдық.

– Сөзің дұрыс. Ал сен ЕҚЫҰ-ға төраға болып тұрғанда сол ұйымның сам­митін өткізе алған және өзінде өткізе алған қазірше жалғыз ел де Қазақ­стан екенін айтуды ұмытпасаң тіпті дұрыс болады. Оның үстіне ол саммит кезегі келгенде өткізілген, былайша айтқанда, сол жылы өткізілуге тиісті сам­мит емес еді. Ол кезең ЕҚЫҰ белгілі бір дәрежеде дағдарысқа ұшырап, тұрақ­ты шақырылатын саммиттері ұйым­дастырылмағанына он бір жыл болған күрделі кезең еді. Астана саммитінің қадір-қасиетінің бөлектігі де сонда. – Енді сол биікке қалай кел­ге­німізді әңгімелеуді сұраймын. Осы әңгімеге дайындалу барысында кезін­де оқыған «Сто великих дипломатов» деген кітапты тыңғылықты түрде қайтадан қарап шықтым. Бы­ла­й­ын­ша біз дипломаттар дегенде ең алдымен елшілерді, елшіліктің, кон­сулдықтың, Сыртқы істер министр­лігінің қызметкерлерін ойға аламыз ғой. Ал жаңағы кітаптағы ұлы дипломат аталғандардың арасында патшалар, корольдер, императорлар, президенттер, канцлерлер көп-ақ. – Тарихқа қарап отырсаң ерте­дегі әміршілердің де, бертіндегі бас­шы­лардың да бәрінің (әрине, мен елін жақсы басқарып, ізгі із қалдырғандарын айтып отырмын) халықаралық қатынастардың, соғыс пен бейбітшіліктің барлық мәселелерін тікелей өз қолдарында ұстап отырғанына көзің жетеді. «Ғасырлар тоғысында» деген кіта­бымда маған ерекше әсер еткен саясат­керлердің арасында Шарль де Голльді бөле айтқан едім...
 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-нің шежіресі

Пайғамбар өмірбаяны

24.01.2013 01:38

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-нің шежіресі

Алланың елшісі, жанашыр және ақыреттегі шапағатшымыз Мұхаммед (с.ғ.с) адамзатқа екі дүниеде бақытты болудың жолын көрсетті. Адам баласын қараңғы түнектен нұр шашқан жарыққа шығарып, тығырықтан құтқарып сара жолға салды. Ең кәміл теңдессіз тұлға Мұхаммед  (с.ғ.с.)-нің керемет үлгі-өнегеге толы ғұмырын білу - «мен мұсылманмын, ардақты пайғамбардың үмбетімін» деген әрбір кісінің міндеті.

Кез-келген мұсылманның Алла елшісінің (с.а.с.) Абдулланың ұлы Мұхаммед (с.а.с.) егендігін, құрайыштық, хашимилік және Меккеден Мәдинаға қоныс аударғандығын білуі парыз болып саналады.[1]

Сондықтан пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-нің текті таза, құрметті ата-бабаларын білуден бастағанымыз жөн болар. Пайғамбарымыздың арғы атасы саналатын «Улул-Ағзам» деп аталған ұлы пайғамбарлардың бірі хазіреті Ибраһим екендігінде дау жоқ. Ибраһим түсінде көрген аян арқылы ұлы Исмайл (а.с.)-ды құрбандыққа шалмақшы болды. Алла тағала оның шынайы ықыласын қабыл етіп ұлы Исмайылдың орнына құрбандыққа қошқар түсірді. Исмайыл (а.с.) мен Ажар Меккені мекен етіп жүрген кезде хазіреті Ибраһим Кенан аймағында өмір сүретін.

Кейінірек Ибраһим Меккеге келіп ұлы Исмайыл (а.с.) мен бірге күллі мұсылманның құбыласы Қағбаны салды.

Толығырақ: Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-нің шежіресі

 

Хадж - 2011

Пайғамбар өмірбаяны

17.11.2011 12:17

 
Which is the best web hosting company which offers all the features that a small business website needs? Read honest ipage review.