Дәрет

ДӘРЕТ

Дәрет

01.03.2015 13:27

Дәрет - Исламда кейбір ғибадаттарды іске асыру үшін әрі жеке басына өзінше ғибадат саналатын арнайы тазалану түрі. Бұл - белгілі бір мүшелерді жуу және мәсіх етуден тұрады.


Намазға дәрет алмастан бұрын таза жерге отырып, дәрет алуға ниет етіп:

Толығырақ: ДӘРЕТ

 

.

Дәрет

24.09.2012 14:15

Дәретхана әдебі

 

 

 

Сұрақ: Дәретхана әдебіне не жатады?

Жауап:

1) Дәретханаға кірерде Әузу-Бисиллаһ айтылып «Аллаһумма инни әузу бика минәл хубси уәл хабаис» дұғасы оқылады.

2) Дәретханаға кірерде қолында Аллаһу та’аланың есімі мен Құран кәрім жазылған еш нәрсе болмау керек. Егер олар қалтада немесе жабық болса зияны болмайды. Мойнында Аллаһ деп жазылған алқа болмау керек. Бар болса киімнің астына кіргізіп қою керек.

3) Дәретханаға дұрыстап оралған тұмармен кіру жаиз.

4) Дәретханаға сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу керек.

5) Дәретханадан шыққанда «Әлхамду-лилләһилләзи әзхаба анил әза уә афани» дұғасын оқу керек.

6) Дәретханада сөйлемеу керек, ұзақ отырмау, газет сияқты ештеңе оқымау, өлең айтпау, темекі шекпеу, сағыз шайнамау керек.

7) Истинжадан, яғни тазаланғаннан кейін дереу киіну керек.

8) Дәретханада дәрет сындарған кезде қыблаға алдымен немесе артымен отырмау керек.

9) Нәжісті саусағымен алып, қолды жуу керек. Ең соңында қалған нәжісті сумен жуу керек.

10) Еркектер истинжа жасаған кезде артынан алдына қарай, ал әйелдер алдынан артына қарай жуу керек. Осылайша алдыңғы әурет жеріне нәжіс тимеуімен қатар, оянуы мүмкін болған шәһуетке де себеп болмайды.

11) Тазаланғаннан кейін сүлгімен құрағату керек. Сүлгі жоқ болса дәретхана қағазымен де құрғату жаиз болады. Бұл қағаз осы мақсатпен дайындалған. Басқа қағаздарды қолдану мәкрух болады.

12) Истинжадан, яғни тазаланғаннан кейін іш киімге кішкене су себу керек. Осылайша іш киімде ылғал көрген кезде зәр деп санамай, бұл мен сепкен су деп уәсуәсаға жол бермеу керек.

13) Тазаланғаннан кейін еркектер истибра жасау керек. Әйелдер истибра жасамайды. Истибра – зәр жолында зәр қалдырмау деген сөз. Истибра жүру, жөтелу немесе сол жанына жату арқылы жасалады.

14) Истибра жасалмастан дәретханадан шығатын болса, зәр тамшыларының шығу және іш киімге тию ықтималы болғандықтан, дәретханадан шығудан бұрын зәр жолына арпаның үлкендігіндей мақта кіргізіп қойылып, зәрдің сыртқа шығуының алдын алу керек.

15) Истибра жасалып зәрдің қалмағанына көңілмен сенімді болуғаистинқа делінеді. Истинқадан кейін дәрет ала беруге болады.

16) Әурет жеріне және нәжістерге қарамау керек, дәретханада түкірмеу керек.

17) Мәжбүр болмағанша аяқта түрегеп дәрет сындырмау керек. Дәретханада киімге зәр шашыратпау керек. Мүмкін болса, арнайы бір шалбар қолдану керек. Дәретханаға арнайы шалбармен және басы жабық болып кіру мүстаһаб.

18) Дәретханадан шыққаннан кейін қолды жуу керек.

19) Ешбір суға, мешіт қабырғасына (дуалына), мазарға және жолға дәрет сындырмау керек.

20) Су табылмаса, тас және осыған ұқсаған нәрселермен тазалану да су орнына өтеді.

 

Сұрақ: Дәретхана үшін арнайы киім қолданған жақсы ма?

Жауап: Иә, жақсы болады. Дәретхана үшін арнайы киім кию және басының жабық болуы мүстаһаб. (С.Әбәдийа)

 

Сұрақ: Қалалық үйлерде биік унитаз, ауылдық және жер үйлерде төменге отырылатын дәретханалар болады. Маған биік унитаз ыңғайлырақ. Осындай екі дәретхана да бар кезде төменге отыратын дәретхана орнына унитаз қодануым дұрыс па?

Жауап: Тазалану оңай болса, үстіңізге нәжіс шашырамайтын болса зияны жоқ. Бірақ төменге отыратын пәс унитазды дәретхана қолдану медицина тұрғысынан да пайдалы. Нәжіс оңай тазаланады, үстіне нәжіс шашырамау жағынан да тиімді. Кіші дәрет пен үлкен дәрет толығымен шыққаны үшін қуық пен ішектер рахаттанады, нәжіс өтетін жолдарда қалмайды, сыртқа шығады. Зәр жолдары, тоқ ішек сияқты ішкі органдар ауруларының неліктен мұсылмандарда азырақ кездесетінін зерттеген шетелдік медицина мамандары, мұның себебін биік унитаз қолданбауында екенін анықтаған.

Әсіресе простатит, зәр жолдарының аурулары еркектер үшін өте қиын және жанұя бақытына әсер ететін аурулардан. Аяқта тұрып та дәрет сындырмау керек және денсаулыққа ең қолайлы болған жолды таңдау керек.

Сұрақ: Ешбір суға дәрет сындырмау керек делінген, унитаз ішіндегі су да осыған жата ма?

Жауап: Жоқ, унитаздағы су бұған жатпайды. Ол онсыз да дәрет сындыру орны. Дәрет сындыруға болмайтын сулар – адам немесе жануарлар ішетін, немесе адамдар қолданатын сулар. Бұларға арық, өзен, көл, тоған, хауыз және су қоймалары жатады.

Сұрақ: Дәретханаға еркектердің де, әйелдердің де басын жауып кіруі мүстаһаб па? Әйелдер орамал орнына бонамен кірсе бола ма?

Жауап: Иә, дәретханаға басы жабық күйде кіру мүстаһаб. Әйелдердің бонамен кіруі жеткілікті болады.

Дәретханада отырған кезде

Сұрақ: Дәретханада отырған кезде сүннет болған отырыста екі қолды ма, әлде бір қолды ғана бетке қою керек пе?

Жауап: Қалыпты жағдайда оң қолды оң бетке, сол қолды сол бетке қою керек. Сүннет болғаны осылай қою. Егер бір қолды қолдану қажеттілігі бар болса, оң қол бетте қалып сол қолды қолдану дұрысырақ болады.

Дәретханаға кірерде

Сұрақ: Дәретханаға кірерде Әузу-Бисмиллаһ айтуды ұмытқан адамның ішке кіргеннен кейін айтуына болады ма?

Жауап: Иә, әурет жерін ашпай тұрып айта алады, өйткені жалпы осы күнгі дәретханаларда ашық түрде ластық болмайды. Басқа оқитын жер табылмаса, мәжбүр жағдайларда дәретханада намаз да оқылады.

 

 

ГҰСҰЛ ДАРЕТІ

Дәрет

15.09.2011 06:22

Гусул

Хадес, яғни рухани ластық екі түрлі
Хадес әкбәр, яғни зор рухани ластық.
Хадес азғар, яғни кіші рухани ластық.

Төмендегі бес түрлі жағдайда зор рухани ластық (хадес әкбәр) болады. Мұндайда ғұсыл құйыну (шомылу) фарыз.
Жүніп болу, яғни ер мен әйелдің жақындасуы. Ашығырақ айтқанда, ердің жыныстық мүшесінің басы әйелдің жыныстық мүшесіне кірсе, еш нәрсе шықпаса да, екеуіне де шомылу фарыз.
Әрқандай бір жағдайда еркектің жыныстық суы шабытпен атылып шықса, шомылу фарыз болады. Егер бір нәрседен қорқу немесе ауыр затты көтеру барысында жыныстық суы шықса, дәрет қана бұзылады. Шомылу қажет емес.
Ихтилам болу. Яғни ұйқыдан оянғанда біреу жыныстық су сияқты бір дымқыл көрсе, көрген түсі есіне түспесе де, шомылу фарыз.
Хайыздан тазару. Яғни әйелдер етеккірден тазарғаннан кейін шомылу фарыз.
Нифастан тазару. Яғни босанғаннан кейін келген қаннан тазарғанда әйелдерге шомылу фарыз болады.

Міне бұл айтылған бес жағдайда шомылмаса, су таппағанда тәям соқпаса, намаз оқу, Құран Кәримге қол тигізу, оқу, тиләуәт сәждесін оқу, мешітке кіру, кәғбаны тәуәф ету сияқты ғибадаттарды орындауға болмайды. Өйткені оның денесінде "мағнауи ластық" бар. Қазақша айтқанда оның бойы арам. Сондықтан ол ғибадатқа лайық емес.

Екінші "хадес асғар" (кіші рухани ластық) деп дәретсіздікті айтады. Дәретсіз намаз оқуға, Құран Кәримге қол тигізуге болмайды. Құран оқуға болады.



Бой дәрет (ғұсыл) мәселесі

"Ғұсыл құйыну" деп шомылуды айтады. Ғұсылдың фарызы үшеу:

Ауызды шаю, тісті ысқылап, тамаққа ғарғара жасап тазалау.

Мұрынды шаю. Кеңсірікке су жіберіп тазалау.

Денені түгел жуу.


Ғұсылда сүннет етілмеген терінің ішін, кіндіктің ішін, сырғаның тесігін, мұрттың, қастың астын жуу. Еркектерде өрілген ұзын шаш тарқатылып жуылады, ал әйелдер үшін, егер шаштың түбіне су барса, тарқатылмай жуылса да болады. Бұлар фарызға жатады.



Ғұсылдың сүннетері тоғыз
Бисмилләмен бастау.
Ғұсыл құйынуға ниет етіп, екі қолды білезікке дейін жуу.
Денесінде бір ластық жер көрінсе, соны жуу.
Ғауратын (ұятты жерлерін) жуу.
Ғұсылдан бұрын дәрет алу. (егер ғұсылда басып тұрған жерге су жиналатын болса, аяқ шомылып болғаннан кейін жуылады).
Денеге үш рет су құйып, әр тарапқа жеткізу.
Суды әуелі басқа, содан соң оң иыққа, кейін сол иыққа құю.
Суды алғаш құйғанда барлық денені ысқылау.
Шомылғанда арада дене құрғайтындай уақыт өткізбей, бір мезгілде аяқтау.


 

ДАРЕТТІ ҚАЛАЙ АЛАМЫЗ?

Дәрет

15.09.2011 05:58

Дарет алу улгiсi

Дәрет Дәреттің төрт фарызы
1.Бет жуу: Маңдай шашының шетінен иек астына дейін және екі құлақтың арасы бет деп аталады.
2.Шынтақтарымен бірге екі қолды жуу.
3.Тобықтарымен қоса (қызыласықтарымен қоса) екі аяқты жуу.
4.Бастың төрттен біріне мәсих тарту (сулы қолмен сипау).

Осы фарыздардың бірі кем болса, дәрет дұрыс емес деп есептеледі. Бірақ дәреттің толық болуы үшін сүннеттері мен әдептері бар.

Дәреттің сүннетері
1.Дәрет алуға ниет ету. (Көңілін дәрет алуға беру).
2.Ағузу бисмилләмен бастау.
3.Екі қолды білектеріне дейін жуу.
4.Ауызды үш рет сумен шайқау, месуак болса, сонымен немесе қолмен тісті ысқылау.
5.Үш рет мұрынға су алып тазалау.
6.Қастың, мұрттың түбіне су барғызу.
7.Нығыз сақалды араластырып жуу.
8.Бастың барлығына мәсих қылу, яғни суланған екі қолдың басбармақ, шынашақтан басқа үшеуінің бастары бірлестіріліп, маңдайдан тартып желкеге апарылады. Екі алақан бастың екі жанына қойылып, бармақ пен сұқ саусақ тигізілмей маңдайға қарай тартылады. Осылайша бастың барлығына мәсих тартылған болады.Содан соң, әлі ешбір жерге тимеген екі сұқ саусақпен екі құлақтың іші, екі басбармақпен екі құлақтың сырты, екі қолдың сыртымен мойынның екі жағы мәсих етіледі. (Мұны түрікше қаплама мәсих деп атайды). Қаплама мәсихтың бұл бейнеде болуы шарт емес. Негізінен бастың барлығына мәсих қылу сүннет.
9.Саусақтардың араларын салалап, бәріне су тигізу.
10.Әр мүшені үш рет жуу.
11.Бір мүшені жуғаннан кейін, ол құрғамай екінші мүшені жуу.
12.Қол мен аяқты жуғанда саусақтардан бастау.
13.Ауыз ораза болмаған кезде, суды тамаққа дейін апарып "ғарғара" қылу.
14.Құлақтың іші-сыртын мәсих ету.
15.Жұп мүшелерді оңнан бастап жуу.
16.Мүшелерді тәртібі бойынша жуу, яғни, әуелі екі қолды білекке дейін, содан кейін ауызды, мұрынды шаю, одан кейін бетті, содан соң екі қолды білекке дейін жуу, одан кейін басқа мәсих етіп, соңынан екі аяқты жуу.

Дәретті бұзатын нәрселер он екі
1.Алдыңғы не артқы жолдардың бірінен жай жел шықса да дәрет бұзылады.
2.Бала туған соң, қан көрінбесе де.
3.Несеп жолдарынан басқа дененің кез келген жерінен шыққан: сарысу, қан, ірің сияқты нәрселер орнынан қозғалып, жайылса.
4.Аузы толы құсылған әртүрлі құсық (мейлі тамақ, мейлі су болсын).
5.Сүйенген нәрсесін алғанда жығылып кетердей қалғу.
6.Құйрығын жерге төсеп отырып қалғыған адамның құйрығының жерден ажырауы.
7.Ауыздан түкірік аралас қан шығу.
8.Талып қалу.
9.Құтыру.
10.Мас болу.
11.Балиғатқа толған біреудің рүкұғты, сәжделі намазда біреу еститіндей күлуі.
12.Ер мен әйелдің жыныстық мүшелерінің бір-біріне жалаңаш тиюі (екеуінің де дәреті бұзылады).

Дәретті бұзбайтын нәрселер сегіз
1.Шыққан жерінің маңайына жайылмаған қан.
2.Жарадан қан шықпай таңылуы (жараға байланған заттың жазылмай түсуі, егер жара жазылған болса, дәрет бұзылады).
3.Жарадан, құлақ, мұрыннан құрт түсу. (Екі жолдың бірінен құрт түссе дәрет бұзылады).
4.Ауыз толмаған құсық.
5.Көп те болса қақырық.
6.Құйрығын жерге төсеп отырып қалғыған адамның құйрығын жерден алмай қимылдауы.
7.Жыныс мүшесіне (мейлі өзінікі, мейлі басқаныкі болсын) қол тигізу.
8.Намазда тұрып қалғу.

Тәйяммүм (тәям соғу) мәселесі
Тәяммүм деп таза жер жынысына (топыраққа) ниетпен екі алақанды ұрып, бетті, екі қолды сыйпауды айтады. Шариғат тілінде тәйяммүмнің мағынасы осы. Тәяммүм дәреттің де ғұсылдың да орнына жүреді. Сондай-ақ бұл Алланың құлдарына жасаған жеңілдігі болып есептеледі.

Тәйямнің сегіз шарты
1.Ниет ету. Қолды топыраққа ұрарда тазалыққа яки намаз оқуға немесе дәретсіз халал болмаған тиләуәт сәждесі, жаназа намазы сияқты белгілі бір ғибадатқа ниет ету керек. Басқаша айтқанда, кісінің ниет еткен нәрсесінің (фарыз, уәжіб, сүннет) не екендігін білуі керек. Бұлардың бірін ниет етпей, қалай болса слғылған тәйяммен намаз оқылмайды.
2.Тәйямды "Мұбах" қылатын төмендегі жағдайлардың бірі болуы керек:

а) төрт мың адымнан жақын жерде су болмаса;

ә) су қолданса, асқынып кететін ауру болғанда;

б) суық сумен дәрет алуды, ғұсыл құйынуды денсаулығы көтермесе, әлде үсу қаупі төніп тұрса;

в) жаудан не жыртқыш аңнан қорқып тұрса;

г) қолындағы азғана сумен дәрет алып, ғұсыл құйынған жағдайда ішуге, тамақ жасауға (нан илеуге) су қалмайтын жағдайда;

ғ) құдықтан не өзен жағасындағы жар қабақтан су тартып шығару мүмкіндігі болмағанда;

д) дәрет алғанша жаназа не айт намазы оқылып кететін болса (бес уақыт намаз бен жұма намазының оқылып кетуінен қорқып, тәйям соғуға болмайды).
3.Тәйямның жер жынысынан: тас, топырақ, құм, тозаң тәрізді нәрселерден болуы (тасқа тәйям соғылғанда үстінде тозаң болуы шарт емес).
4.Тәйям етілген мүшелерінің (бет пен шынтаққа дейін екі қолдың) толық сипалуы.
5.Білезік, жүзікті қозғалту керек, жеңнің сыртынан тәйям болмайды.
6.Сипауды қолдың барлығымен не көбірегімен орындау керек.
7.Тәйям соққанда хайыз, нифас сияқты жағдайлардың болмауы.
8.Бетте, қолда май, шайыр сияқты бір нәрселер болса, алдымен соны кетіру керек.

Тәйямның фарызы төртеу
1.Ниет ету.
2.Таза жер жынысынан болу.
3.Екі алақанды бір ұрып, бетті сипау.
4.Екінші ұрып, шынтаққа дейін екі білекті сипау.

Тәйямның сүннеті жетеу
1.Алланың атымен бастау (Ағузу бисмиллә оқу).
2.Тәртібі бойынша орындау. Яғни алдымен бетті, кейін оңнан бастап екі қолды сипау.
3.Бұлардың арасын үзбей жалғастыру.
4.Екі алақанды жерге тигізгенде ілгері жылжыту.
5.Сосын кейін жүргізу.
6.Жерген алақанды қойғанда саусақтардың арасы ашық болу.
7.Тозаң, топырақ қағылсын деп, бір-біріне ұру.

Тәйямды бұзатын нәрселер
Тәйямды дәрет бұзатын нәрселер бұзады. Дәретке жетерлік су табылатын, оны қолдану мүмкіндігі болған жағдайда да тәйям бұзылады.

Хадес, яғни рухани ластық екі түрлі 
Хадес әкбәр, яғни зор рухани ластық.
Хадес азғар, яғни кіші рухани ластық.

Төмендегі бес түрлі жағдайда зор рухани ластық (хадес әкбәр) болады. Мұндайда ғұсыл құйыну (шомылу) фарыз.
1.Жүніп болу, яғни ер мен әйелдің жақындасуы. Ашығырақ айтқанда, ердің жыныстық мүшесінің басы әйелдің жыныстық мүшесіне кірсе, еш нәрсе шықпаса да, екеуіне де шомылу фарыз.
2.Әрқандай бір жағдайда еркектің жыныстық суы шабытпен атылып шықса, шомылу фарыз болады. Егер бір нәрседен қорқу немесе ауыр затты көтеру барысында жыныстық суы шықса, дәрет қана бұзылады. Шомылу қажет емес.
3.Ихтилам болу. Яғни ұйқыдан оянғанда біреу жыныстық су сияқты бір дымқыл көрсе, көрген түсі есіне түспесе де, шомылу фарыз.
4.Хайыздан тазару. Яғни әйелдер етеккірден тазарғаннан кейін шомылу фарыз.
5.Нифастан тазару. Яғни босанғаннан кейін келген қаннан тазарғанда әйелдерге шомылу фарыз болады.

Міне бұл айтылған бес жағдайда шомылмаса, су таппағанда тәям соқпаса, намаз оқу, Құран Кәримге қол тигізу, оқу, тиләуәт сәждесін оқу, мешітке кіру, кәғбаны тәуәф ету сияқты ғибадаттарды орындауға болмайды. Өйткені оның денесінде "мағнауи ластық" бар. Қазақша айтқанда оның бойы арам. Сондықтан ол ғибадатқа лайық емес.

Екінші "хадес асғар" (кіші рухани ластық) деп дәретсіздікті айтады. Дәретсіз намаз оқуға, Құран Кәримге қол тигізуге болмайды. Құран оқуға болады.

Бой дәрет (ғұсыл) мәселесі

"Ғұсыл құйыну" деп шомылуды айтады. Ғұсылдың фарызы үшеу:
1.Ауызды шаю, тісті ысқылап, тамаққа ғарғара жасап тазалау.
2.Мұрынды шаю. Кеңсірікке су жіберіп тазалау.
3.Денені түгел жуу.

Ғұсылда сүннет етілмеген терінің ішін, кіндіктің ішін, сырғаның тесігін, мұрттың, қастың астын жуу. Еркектерде өрілген ұзын шаш тарқатылып жуылады, ал әйелдер үшін, егер шаштың түбіне су барса, тарқатылмай жуылса да болады. Бұлар фарызға жатады.

Ғұсылдың сүннетері тоғыз
1.Бисмилләмен бастау.
2.Ғұсыл құйынуға ниет етіп, екі қолды білезікке дейін жуу.
3.Денесінде бір ластық жер көрінсе, соны жуу.
4.Ғауратын (ұятты жерлерін) жуу.
5.Ғұсылдан бұрын дәрет алу. (егер ғұсылда басып тұрған жерге су жиналатын болса, аяқ шомылып болғаннан кейін жуылады).
6.Денеге үш рет су құйып, әр тарапқа жеткізу.
7.Суды әуелі басқа, содан соң оң иыққа, кейін сол иыққа құю.
8.Суды алғаш құйғанда барлық денені ысқылау.
9.Шомылғанда арада дене құрғайтындай уақыт өткізбей, бір мезгілде аяқтау.
 
Which is the best web hosting company which offers all the features that a small business website needs? Read honest ipage review.
Blue Joomla Template developed by Joomla Hosting