Хадж

Мәдинада хижра жыл санауы бойынша І ғасырға тиесілі қорғанның іргетасы табылды

Хадж

23.02.2014 15:22

Ежелгі қорғанның орны Мәдина маңындағы әл-Ақық жазығынан табылған. Бұл жайында IINA ақпарат көзі Saudi Press-ке сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Қорғанның тамтықтарын жер астынан Туризм және көне жәдігерлер жөніндегі жоғарғы комиссияның археологиялық тобы қазып, аршып алған. Мұны осы топтың жетекшісі доктор Халед бин Мұхаммед Аскуби хабарлады.

Бұған қоса, саудиялық археологтар қыш ыдыстарын, әйнек бұйымдарын, тастан қашалған еңбек құралдарын және стеатиттік керамикалар тапқан.

Аскубидің сөзіне қарағанда, Комиссия жанындағы Көне жәдігерлер мен мұражай жөніндегі басқарма ежелгі қорғанның маңында екі мәрте қазба жұмыстарын жүргізген көрінеді. Қорғанның атауы алғашқы халифа Әбу Бәкірдің немересі - Урва бин әл-Зубаирдің есімімен аталатын болды.

Омейядтар дәуіріне тиесілі қорғанда ені 40, биіктігі 30 метр болатын сегіз ғимараттың іргетасы және жанартау жынысынан жасалған дуал бөліктері сақталған екен.

Муслим.кз

 

Мәдина қаласының Исламдағы орны

Хадж

23.02.2014 15:19

Негізгі тақырыбымызға кіріспес бұрын кей кітаптарда келтірілген Пайғамбар қаласының ерекшеліктеріне тоқтай кеткеніміз жөн. Әрине, Мекке мен Мәдина қалалары - Алланың ең жақсы көретін мекендері. Мекке - Алланың, аспан мен жерді жаратқалы қасиетті еткен жері. Екі дүние сардары (с.ғ.с.) өмірге келген, Алланың әмірлері, аяттары түсе бастаған қастерлі мекен.

Мәдина - ансарлардың отаны һәм ақиданың қорғаны, Алла расулының (с.ғ.с.) жерленген мекені.

Меккеде Ислам туған болса, Мәдинада қанатын жайды. Мекке уахидың түскеніне, пайғамбар-лықтың басталуына, ал Мәдина Ислам дінінің кең жайылуына куә болды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл шаһар жайлы көптеген даналық сөздер қалдырған. Соның бірсыпырасы мыналар:

1. «Жылан өзінің ініне кіргендей иман Мәдина қаласына кіреді»;
2. «Ибраһим Меккені қа-сиетті етіп, ол үшін дұға етті. Мен болсам Ибраһим Меккені қасиетті еткендей Мәдина қаласын қасиетті еттім. Ибраһим Меккеге дұға еткендей мен де оның барлық нәрсесіне дұға еттім»;
3. «Кім Мәдина қаласында дү-ниеден өтуге шамасы келсе, сонда өтсін, себебі, мен оларға шапағат етемін, сонымен қатар куәлік беремін»;
4. «Мәдина қаласының айна-ласында періштелер бар, ол қалаға індет және Дәджал кіре алмайды». (Бұхари риуаят еткен);
5. «Кім Мәдина тұрғындарына қорқыныш ұялататын болса, Алла оның жүрегіне қорқыныш ұялатады. Сонымен қоса, Алланың, Оның періштелерінің және барша адамдардың лағнеті болады»;
6. «Көрік темірді балқытып, жаманынан тазартқандай, Мәдина қаласы тұрғындарын жаман-дықтарынан тазартады»;
7. «Қандай да бір адам Мәдина тұрғындарына айлакерлік ойласа, тұз суға ерігендей жоқ болып, іске аспайды»;
8. «Кімде-кім Мәдина тұрғын-дарына зұлымдық жасап, қор-қыныш ұялататын болса, Алла оған қорқыныш ұялататын болады. Алланың, Оның періштелерінің және барша адамдардың лағнеті болады. Алла ешбір амалын қабыл етпейді»;
9. «Мәдина қаласы менің һижрет еткен мекенім, менің құтты тұрағым, ол жерден мен қайта тірілемін».
Мәдина мунаууараның атаулары:
1. Ад-даар - тұрақ;
2. Әл-Иман;
3. Мадхалу сыдқин - Шындықтың кірер жері;
4. Ясриб;
5. Әл-Мәдина.
Бұл бесеуі Құранда кездесетін атаулар. Сонымен қатар, мынадай атаулары да бар:
1. Қуббатул-Ислам - Исламның күмбезі;
2. Дарул-Айман - Анттар мекені;
3. Ардул-һиджра - Һижрет мекені;
4. Ардуллаһ - Алланың жері;
5. Байтур-расул - Елшінің үйі;
6. Джазиратул-араб - арабтардың аралы;
7. Әлджаннатул-хасына - берік бақша;
8. Әл-хабиба - сүйікті;
9. Дарул-абрар - жақсылар мекені;
10. Зәтун-нахл - Құрма (иесі) қаласы;
11. Сайидатул-булдан - Қала-лардың ханшайымы;
12. Аш-шәфия - емдеуші;
13. Аттыба - Жақсылық.

Алла елшісі (с.ғ.с) асыл дінге шақыру жолында отандастары-нан көп қысым көрді. Тіпті, дінге жария шақыра бастағанда, олар одан сайын қудалауларын күшейтті. Расулулланы (с.ғ.с.) Мекке қаласынан қоныс аударуға мәжбүр етті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қайда барып паналайтынын көп ойланды. Оның ойында Ясриб немесе Таиф қаласы болған еді. Алайда, Ясриб (Мәдина) қаласында екі үлкен тайпа - Аус және Хазраж арасында ұзаққа созылған соғыс жүріп жатқан-ды. Сол себепті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Таифқа бару керек деп шешімге келеді. Ол расында да ұзаққа созылған соғыс болатын. Тарихшылардың айтуынша, олар жүз жылдан астам жауласқан. Екі тайпаның арасына соғыс отын жаққан - ертеде Ясриб қаласына көшіп келген яһудилер еді. Шағыстырып қана қоймай, екі жаққа да қару-жарақ сатып, соғыс отын өршелендіре түсті. Сөйтіп, Мекке тұрғындарынан көңілі қалған пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Таифқа баруға ұйғарады. Алайда, Таиф қаласының тұрғындары да оны қабылдамай, тіпті таспен атқылап, қуады.

Алла елшісі (с.ғ.с.) қажылық кезеңін пайдалануды жөн көреді. Өйткені ол кезде жан-жақтан, өзінің жалған құдайларын зиярат етіп, көп қажылар келетін.

Күндердің бір күнінде ол (с.ғ.с.) көшеде келе жатып, алты жігітті кездестіреді. Олармен жөн сұрасып, әнгімелері жарасып кетеді. Сөйтіп оларға Ислам діні туралы мағлұмат беріп, діннің мақсатымен таныстырады. Меккеден Ақырзаман пайғамбары шығатынынан хабардар жігіттер Расулулланың (с.ғ.с.) шынайы сөзіне қанығып, дінді қабылдап, мұсылман болады. Бұл сөздерді олар бұған дейін Ясрибтегі дін ұстанған, ежелгі кітаптарды оқитын адамдардан естіген болатын. Міне, бұл Мәдина қаласына көшудің алғашқы қадамдары болды. Әлгі жігіттер еліне қайтып, келесі жылы өздерімен бірге басқа біреулерді ертіп келетіндеріне уәде берді. Айтқандай, келесі қажылық маусымында олар он екі адам болып келді. Тоғызы Аус, үшеуі Хазраж тайпасынан. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оларға дін жайында түсінік беріп, жаңадан қосылғандар Аллаға еш серік қоспауға, ұрлыққа бармауға, зина жасамауға, балаларын өлтір-меуге ант берді. Одан кейінгі жылы Меккеге бір мың бес жүз адам, оның ішінде жетпістен астам мұсылман қажылық етіп келді. Олар да алғашқылардай серт береді. Алла елшісі (с.ғ.с.) оларға бұл үшін сыйлық - тек Жәннат екенін айтады.

Алла тағала Өз расулына (с.ғ.с.) бір жерді басқа жерге ауыстырғанын, дағуаттың кең етек жаятын жері Мекке емес, бұл құрмет Мәдина қаласына бұйыратынын хабардар етті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұған қатты қуанып, Мәдинаға көшуге енді уақыт келгенін түсінеді. Өзінің сахабаларына Мәдинаға һижрет жасауға рұқсат беріп, өзі Алланың бұйрығын күтеді.

Ал Меккенің мүшріктері оны өлтіруге қам жасайды. Алла тағала оған да һижрет қылуына рұқсат береді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жолға дайындалып, досы Әбу Бәкірді өзінің қасына серігі болатынын сүйіншілейді. Дайын болғаннан кейін жолға шығады. Оны өлтіруге келген адамдарға Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Ясин» сүресіндегі: «Олардың арттары-нан да, бөгет алдарынан да бөгет жасап, көздерін қаптадық. Олар көрмейді», - деген аяттарды оқып, Алла тағала тарапынан ұйқы жіберіліп, араларынан өтіп кетеді. Әбу Бәкірмен уәделескен жерлерінде кездесіп, жолға аттанады. Жолда артынан қуып келе жатқан мүшріктерден тығылып, үңгірге жасырынады. Алла тағала бұл жөнінде «Тәубе» сүресінде: «Егер сендер Пайғамбарға жәрдем етпесеңдер де оны, кәпірлер Меккеден шығарған кезде; үңгірдегі екінің бірі болған сәтте, оған Алла жәрдем еткен. Сол уақытта ол жолдасына: «Кейіме! Расында Алла бізбен бірге», - дегенде, Алла оған тоқтау салды. Сондай-ақ, оны сендер көрмейтін әскерлермен қолдады. Сөйтіп кәпірлердің сөзін төмендетті. Алланың сөзі; ол жоғары. Алла өте үстем, хикмет иесі», - деп баяндайды.

Үңгірден шығып, Мәдинаға қарай сапарларын жалғастырады. Мәдинаға аз ғана қалғанда бір кісі келіп, Мәдина тұрғындары оны сағынышпен күтіп отыр-ғанын хабардар етеді. Бірақ, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдинаға емес, Құба деген жерге ат басын бұрады. Осында бір үйде тұрақтап, зиярат етушілерді қабылдады. Ол жерде қанша тұрақтағаны жөнінде нақты дерек жоқ. Бір мәліметте төрт күн десе, екіншісінде он екі күн деп айтылады. Нақтысы бір айға жетпегені белгілі. Қысқа уақыт тұрақтағанына қарамастан, жер сатып алып, Ислам тарихындағы ең бірінші мешітті салады.

Артынша, аманаттарды иеле-ріне тапсыру үшін Меккеде қалып қойған Әли де оны қуып жетіп, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жүрегіне қуаныш ұялатады.

Сөйтіп, серігімен сапарын жалғастырады. Құба мен Мәдина-ның арасындағы Рануна деген жерге жеткенде жұма намазының уақыты кіреді. Сол жерде Ислам тарихындағы ең бірінші хұтбасын оқиды. Ол хұтбасында: «Ей адамдар! Араларыңда сәлемді жайыңдар. Тамақтандырыңдар. Туыстық қарым-қатынасты үз-беңдер. Адамдар түнде ұйықтап жатқанда намаз оқыңдар. Жән-натқа саламаттылықта кіре-сіңдер», - дейді. Сосын қайтадан Мәдинаға бет алады.
Сағына күткен Мәдина тұрғындары оларды тәкбірмен, әнмен қарсы алады. Әрқайсы шарапатқа ие болғысы келіп, өз үйіне түйесінің басын бұруға тырысты. Ол болса түйесіне ишарат етіп: «Жіберіңдер оны, Алла сендерге береке берсін, ол өзі біледі», - дейді. Түйесі өзі бір жерге барып шөгеді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) нағашы жұрты Бану Наджарлардың үйле-рінің бірінде тоқтауды ұйғарады. Осы сөздерін айтып болмастан Әбу Айюб Аннаджари Әлхазражи бірінші болып үйіне шақырады. Осындай ұлы шарапатқа ие болған оның үйі санаулы айлар ішінде Ислам тарихының түгеліне теңесетін дәрежеге жетті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ол үйде муһажирлер мен ансарларды бауырластырды; сонда тұрған уақытында мешіт салды; яһудилермен келісімге отырды; Ислам мемлекетін құруға жоспарлар жасалды. Өйткені Мұхаммед (с.ғ.с.) адамдарды тек ақыретте бақытты ету үшін келген жоқ, дүние істерін де ретке қою мақсатымен жіберілген еді.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) һижрет етуімен Мәдина қаласы нұрланады. Алланың елшісі (с.ғ.с.), жоғарыда айтқандай, муһажирлер мен ансарларды бауырластырды. Ансарлар бұл бауырмашылдық-тың мағынасын түсінгені сонша-лық, бауырласып болысымен, муһажирлерді үйлеріне алып барып, мал-дүниелерінің жартысын беруге дайын екендерін айтты. Муһажирлер әдептіліктерінен олардың бұл жақсылықтарына, өздерінен басқаларды артық көргендеріне рахметтерін білдіріп: «Сендер біздің бұл жерге келгенде мал-дүние үшін келмегенімізді білесіңдер. Біз дінді жаю үшін келдік, Алла сендерге береке берсін. Бізге базарды көрсетіңдер, еңбек етіп, өзімізге ризығымызды өзіміз табайық», - десті.

Мәдинада салынған мешіт екінші мешіт болып саналады. Әуелгісін Құба деген жерде салғанын айтып өттік. Мешіт салатын орын Сәһл және Суһайл атты жетімдерден сатып алынған болатын. Қабырғалары саман кірпіштен, шатыры ағаш бұтақтарынан, еденінде еш нәрсе төселмеген, тақыр жер еді. Онда олар намаз оқитын, білім алатын, барлық мәселелер шешілетін. Кезінде Арқам ибн Арқам үйінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларына уағыз-насихат айтатын болса, бұл мешітте сахабалар арасында туындаған мәселелерде шешім қабылдап, соғыс жоспарларын құратын, сабақ беретін, уағыз айтатын.

Ал яһудилермен жасасқан келісім мұсылман үмметінің күшейгенінің бір көрінісі еді. Мұсылмандар бір үммет екенін айғақтады. Өз заңдары бар, өзін қорғай алатын қуатты мемлекет екендігін, жандарына, мал-дүние-леріне еш уайымдамастан өмір сүре алатындарына яхудилердің көздерін жеткізді. Алла елшісі (с.ғ.с.) оларға бір-ақ шарт қойды. Ол: «Соғыспағанмен соғыспау, соғысқанмен соғысу, сатқындық жасап, қарсы шықпау. Өйткені ант бердіңдер. Жақсылықта-рың өздеріңе, жамандықтарың өздеріңе тиеді».

Бұл келісім мұсылмандар үшін өте керек еді. Себебі, біріншіден, Ислам мемлекеті енді аяққа тұрып жатқан, шекаралары бекітілмеген еді. Сол себепті бекіну үшін көршілермен тату болып, тыныштық керегі анық. Екіншіден, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) яһудилердің Мәдинадағы тарихын білетін, осы келісім арқылы олардың айлакерлігінен, арамдығынан сақтану керек болатын.

Алайда, ақыр аяғы яһудилер келісімін бұзды. Исламның дамып жатқанын көре алмай, неше түрлі айлакерліктерге барды. Жиындарға қатысып, қисық сұрақтар қойып, мұсылмандар арасына күмән ұя-латуға тырысты. Дегенмен, Алла тағала сахабалардың жүрегіне аят-тар түсіру арқылы бауырмашыл-дықты ұялатқан еді. Пайғамбары-мыз (с.ғ.с.) да солай жасады.

Алла елшісі (с.ғ.с.) жауыздықты яһудилермен қатар мұнафиқ-тардан (екі жүзділер) да көп көрді. Олардың зардабы тіпті ауыр келді. Өйткені, олар сырттай өздерін мұсылман қылып көрсетіп, іш-теріндегі күпірліктерін, дұшпан-дықтарын жасыратын. Айша (р.а.) анамызға өте ауыр жала жапты, алайда Алла тағала аят нәзіл етіп, оны Өзі ақтап алды.

Осы мәдиналық кезеңде көп ғазауаттар орын алды. Ақыр аяғы мұсылмандар зор жетістіктерге жетіп, Ислам діні жер бетіне жайылады.

Меккелік кезеңде Алла елшісі (с.ғ.с.) халықты Алланың бірлігіне шақырған болса, мәдиналық кезең-де намаз, ораза сияқты ғибадаттар парыз етілді. Асыл дініміздің өркендеп, тамыр жаюы бастау алған бұл өлкенің, яғни Мәдина қаласының Исламдағы орны мен рөлі орасан. Оны біз жоғарыдағы оқиғалардан анық байқадық.

/Муфтиат кз/

 

Қажылыққа барғанда зиярат жасайтын орындар

Хадж

23.02.2014 15:11

Меккеде:

Хира үңгірі – Меккеге жақын жердегі Нұр тауындағы  үңгір. Пайғамбарымызға (с.ғ.с.)  «Оқы!» деген алғашқы уаҺи әмірі осы жерде келген.

Сәуір үңгірі – Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинаға қоныс аудару кезінде  үш күн жасырынған. Меккелік мүшіріктер Сәуір үңгіріне тақап  келіп,  Аллаһ Елшісін (с.ғ.с.)  және досы Әбу Бәкірді  (р.а.) көре алмады. Өйткені үңгірдің аузына  өрмекші өрмек құрып, бір көгершін де сол жерге ұя салған еді. Мұны көрген мүшіріктер үңгірге назар аудармастан кері қайтқан болатын.

Мәдинада:

Мәдина шаһары  Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  қоныс аударған және қайтыс болғанға дейін өмір сүрген қасиетті  мекен.  Аллаһ Елшісінің (с.ғ.с.)   мұнда қоныс аударуы қалаға береке әкелді.  Сол себепті  «жарық қала, нұрлы қала» деген мағынада Мәдина Мүнаууара деп аталады.

Меккелік пұтқа табынушылар Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) өлтіруді  жоспарлағанда Мәдина халқы «Тала-әл бәдру әләйнә» (Ай туды үстімізге) деп қуанышпен сағына қарсы алып, барымен бөлісті.  Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.) Мәдинаны ерекше жақсы көрген, қабірі де сонда.

Нәбәуи мешіті –  Расулуллаһтың (с.ғ.с.)  Мәдина Мүнаууараға келгеннен кейін тұрғызған  ғибадат орны. Бұл мешітті тұрғызу барысында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі де еңбек етті.  Аллаһ Елшісі  (с.ғ.с.) мұнда  ардақты сахабаларға он жыл намаз оқытқан. Олар Расулулаһтың  (с.ғ.с.) сұхбаттарын  тыңдап,  шариғат мәселелеріне терең бойлап, көркем мінезді бойларына сіңірді.  Аллаһтың сүйікті Елшісі(с.ғ.с.) : «Әл-Харамда оқылатын намаздан басқа менің  мешітімде оқылатын бір намаз басқа мешіттерде оқылатын мың намаздан да қайырлы», –дейді. (Мүслім, Хаж 94).

Рауза Мұтаһһара – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қабірі жатқан жер, Нәбәуи мешітіндегі жасыл күмбездің астында. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)   жанында  хазреті Әбу Бәкір  (р.а.) мен  Омардың (р.а.)  да  сүйегі жатыр. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  бейітін зиярат ету үлкен сауапты іс. Бұл жөнінде сүйікті  Нәби (с.ғ.с.)   былай дейді: «Мені қайтыс болғанымнан кейін зиярат еткен кісі тірі кезімде зиярат еткендей болады» (Бәйһаки, «Шуабул Иман» VІ 48).  Аллаһ Елішісінің (с.ғ.с.) қабірін зиярат етудің әдебі:

Нәбәуи мешітінің есігінен үнсіз, ұқыптылықпен және құрметпен ішке кіреміз. Рауза Мұтаһһараға жақындап, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтып, сәлем береміз. Хазреті Әбу Бәкір (р.а.)  мен  Омарға (р.а.)  да сәлем беріп, зияратымызды аяқтаймыз.

Жәннатул Бақи –  Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  мешітіне қарама-қарсы тұрған қабірстан.  Аллаһ  Елшісін (с.ғ.с.)  көру бақытына ие болған, Оның сұхбаттарын тыңдаған және ислам үшін жандарын  қиған және түрлі қиындықтарды бастарынан өткізген мыңдаған сахабалар осында жерленген. Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әйелі мен  қыздары, ұрпақтарынан шыққан кейбір ислам ғалымдарының  да  қабірі  осы жерде.  Расулуллаһ(с.ғ.с.)  жиі-жиі Бақи мазарын зиярат ететін, қайтыс болған мұсылмандарға дұға жасайтын.

Құба мешіті. Расуллуллаһтың (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинаға  қоныс аударғанда  ең алғашқы салдырған құлшылық үйі.

Ухыд  шейіттері жатқан мазар. Ухыд соғысында қаза  болған сахабалар  жатқан жер.  Мәдинаның сыртында  осы аттас таудың баурайында.

/Муфтиат кз/

 

Қажылық ғибадатына қатысты орындар

Хадж

23.02.2014 15:08

Қажылықты дұрыс түсініп, құлшылықты рет-ретімен атқару үшін  ғибадат ететін  орындарды  біліп алған абзал;

әл-Харам  мешіті  қасиетті Қағбаны айнала орналасқан. Мұнда  оқылған бір намаз басқа мешіттерде оқылған намаздардан  100 мың есе артық екенін Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.) өз хадисінде айтып кеткен. Сондықтан, қажыға барғандар бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланып, намаздарын еселей түскені абзал.

Қағба – жер бетінде Аллаһқа  ғибадат жасау мақсатымен соғылған алғашқы ғимарат. «Аллаһға құлшылық  жасайтын үй» мағынасында, Қағбаға «Бәйтуллаһ» – «Аллаһтың үйі» деп те айтылады.  Құран  кәрімде:  «Негізінде адам баласы үшін тұңғыш салынған үй (Қағба) Меккеде» («әл- Имран» сүресі, 96-аят).

Хәжәрул Әсуәд – қара тас деген мағынаны білдіреді. Бұл тасты Қағбаның күншығыс жағындағы бұрышына хазреті Ибраһим (ғ.с.)  қойған. Тәуәп осы бұрыштан басталып,  әр айналымда  оған сәлем береді.

Ибраһим мақамы – хазреті Ибраһимнің (ғ.с.) Қағбаны тұрғызғаннан кейінгі қажылыққа адамдарды шақырған кезде үстіне шыққан тастың тұрған жері. Тәуәп етіп болғаннан кейін  оның жанына барып екі рәкат намаз оқу – сүннет. Аллаһ тағала  бұл жайында Құранда былай дейді: «Кезінде үйді (Қағбаны) адамдар жиналатын орын және тыныштық мекені етіп бердік.  Тәуәп етушілер, бас иіп  сәжде жасайтындар үшін  Қағбаны таза ұстауды  Ибраһим мен Исмаил екеуіне тапсырдық»  («Бақара» сүресі, 125-аят).

Арафат – бүкіл қажылардың Арафа күні уақфа жасайтын жері яғни барлығы бірге Аллаһқа жалбарынып дұға, ғибадат жасау үшін өткізетін жазық дала. Арафаттағы төбеге «Жәбәлур-Рахма», «Мейірімділік төбесі» деген атау берілген. Хазреті Адам (ғ.с.) мен Хауа анамыз Арафатта кездесіп,  Аллаһтан кешірім сұраған.   Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) : «Қажылық – Арафат»,- деген.  (Тирмизи, «Хаж»  57).

Мұздалифа – Арафат пен Мина арасындағы жазық. Оған Арафаның кешінде түнеп,   Құрбан  айт күндері шайтанға  атылатын  тас жинап алынады. Аллаһ тағала былай дейді: «Қашан  Арафаттан қайтсаңдар   Машхарул  Харамның қасында  Аллаһты еске алыңдар» ( «Бақара» сүресі, 198-аят).

Мина – Құрбан айт күндері құрбан шалынатын және шайтанға тас ататын жер. Хазреті Ибраһим (ғ.с.) ұлы Исмаилды (ғ.с.) құрбандыққа шалу үшін Минаға әкелген.

Сафа мен Мәруа – Қағбаның күншығысындағы 200 метрдей жерде орналасқан екі төбе.  Екеуінің  арақашықтығы  350 метрге  таяу.

«Сафа мен Мәруада жүру  Тәңірі жазған жоралғы.  Кім  қажылық немесе умра жасайтын болса ол екеуіне соғып, жоралғы жасаса, оның артықтығы жоқ» («Бақара» сүресі, 158-аят).

/муфтиат кз/

 

Мекке. Аллаһ Елшісі с.г.с. туған жер...Алғаш Құран түскен Қира үңгірі. Қасиетті құбыламыз - Қағбатуллаһ!

Хадж

03.01.2014 10:55

 

 

6 Парақ

«БіріншіӘуелгі12345678910КелесіСоңғы»
Which is the best web hosting company which offers all the features that a small business website needs? Read honest ipage review.
Blue Joomla Template developed by Joomla Hosting