Хадж

Мекке қаласында

Хадж

15.02.2013 17:12

/Азан.кз/

 

Қасиетті Ақорда!

Хадж

29.01.2013 23:42

 

Мейірімді, раһымды Алланың атымен бастаймын!

Хадж

26.12.2012 11:14

"ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛАРЫ" Кітабының 9-шы томы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының ұйымдастыруымен желтоқсан айында жарыққа шықты. Ол тұңғыш рет Астана қаласында басылып шықты. Сериясымен шығарылып жатқан бұл кітаптардың алғысөзі Хажылық жайлы, оны қалай атқару жайлы ақпараттардан,  қызықты, құнды,  тағлымды дүниелермен басталатын. Бұл жолы  негізінен қажылардың өмірбаяндарымен, отбасылық суреттерімен толтырылған жұқа кітапша болып шығыпты. Астанада басылған тұңғыш Қажылар Кітабы! Шүкір!

Бұл кітапта Қағбаға кірген Қазақ азаматтарының бейнелері басылыпты. Ең алдымен кірген Елбасымыз Нұрсұлтан, Мүфти Әбсаттар хажы, ҰҚК генерал-майоры Қайрат Сатыбалды және өзе де азаматтар  жайлы ақпарат жүректерге жылылық толтырып, ертеңгі күнге деген сенім сыйлайды. Кағбаға кіріп, намаз оқыған адам дүниенің барлық пәлекетінен аман болады екен. Тағы бір ақпарат ол - Қағбатулла ғимаратының дуалмен қоршалған бір қабырғасы...яғни Смағұлдың дуалы. Бұл жер де Қағбаның іші болып есептеледі екен. Куб тәрізді ғимаратты көтерген кезде бұл жерді ай сынды жарты шеңбер ретінде қалдырған екен... Көп Қажылар осы жерде намаз оқиды, осы жерде қайтыс болған хажылар мәйіттеріне жамағатпен жаназа намазы шығарылады.. Бұл жерде оқылған намаз да Қағбаның ішіндегі намазбен тең деп те айтылады. Осыдан болар, бұл араға қажылық кезінде өтіп, намаз оқу оңай емес...

9-шы томда Елбасымыз Нұрсұлтанның анасы Әлжан Назарбайкелінінің үлкен қажылығы жайлы ақпарат жарияланған. Алла қабыл еткен болсын! Сондай-ақ әр жылдары жасалған Әбіш Назарбайұлы, Назарбай Сапақбайұлы, Мырзабала Сапақбайкеліні қажылықтары жайлы да мәліметтер  бар.

Әлжан Ана Медресесі, Әбіш Ата Мешіті құрылыстарын ұйымдастырушы  Айша хажы Алланың разылығы үшін  қажылықтарын жасаған өзінде туыстық хақысы бар жандар -  Ақық Жақыпқызы, Орақ Оразбайұлы, Ақжібек Солтанбекқызы Шалкеліні,  Оразбай Шалұлы, Елжас Оразбайұлы, Күлзейнеп Оразбайкеліні, Арман Алдаберген және Ғалия Алдабергенқызы  хажылар жайлы хабарламалар да бар. Алла қажылықтарын қабыл етіп, қате-күналары кешілген болсын!

Демеушілік жасаған Аңсар-Круиз Фирмасы басшысы Нұржамал әпкеге Алла разы болсын!

 

 

Қажылық басталды

Хадж

24.10.2012 20:50

24 Қазан 2012, 10:22
2 миллионға жуық мұсылман Меккеге қажылық парызын өтеу үшін келді
АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін қасиетті Меккеде мұсылмандардың қажылығы  басталады.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген 2 миллионға жуық мұсылман Сауд Арабиясында қажылық парызын өтеуге жиналды.

Басты сөздер: Дін



Пiкiрлер (5)
ҚазАқпаратқа!!! 24.10.2012, 12:07
Осындай да ақпарат болады ма екен? екі сөйлем ғана. тым құрымағанда Қазақстаннан қанша адам қажылыққа барғандығын қосып қоюға болады ғой.
Айша хажы Әбішкеліні 24.10.2012, 15:59
Бисмилла. Аллаһу Тағала қажылықтарын қабыл етсін! Қажылыққа бармағандарға қажылыққа баруды нәсіп етсін! Елбасымыз есен сау, Еліміз бақуат, Ерлеріміз дәулетті, иманды, Қыздарымыз сұлу да сүйікті бола берсін! Бәріне де Алла бес парыздарының орындалуын бұйыртсын!
Айша хажы Әбішкеліні 24.10.2012, 16:11
1/. Бисмилла. Қазір Қазақстаннан барған 5000 хажы Мина тауының бауырындағы жазыққа тігілген шатырларда намаз оқып, Құран оқып, құлшылық амалдарын жасап отыр. Біз екінті оқыған тұста олар бесін намазын оқиды. Ал біз ақшам оқығанда олар екінті оқып жатады...
Айша хажы Әбішкеліні 24.10.2012, 16:16
2/. Бисмилла. Ертең ерте таңсәріден автобустарға отырып, Арафат тауына жеткізіледі. Сондағы тігілген шатырларда отырып, Алладан тілек тілейді, намаздарын оқиды. Ер адамдар Арафаттың ең биік шыңы - Рахмет тауына аппақ ихрамдарын орап алып, түстен кешке дейін жүздерін құбылаға, яғни Мекке тарапына беріп Құран оқып тұрады.
Айша хажы Әбішкеліні 24.10.2012, 16:19
3/. Бисмилла. Арафатта Елден аттанарда жақындарымен достары тапсырған аманаттарды да еске алып, Алладан соны айтып, тілейді. Бұл жерде сұралған тілек кері кетпейді, иншалла, қабыл болады! Ол күн ертең - Арафа күні! Сіздердің де Алла тілектеріңізді берсін, бұл күні ораза ұстап, Алладан жәрдем сұрасаңыз иншалла, Алла оны орындайды, күмәнданбаңыз! Күмәндансаңыз болмай қалады. Ең абзалы, яғни 100 пайыз дұғаның қабыл болуы Арафа күні Арафат тауында тұрғаныңызда! Алла Сіздерді соған жеткерсін, қадірлі Қазақ Елі ұл-қыздары!
 

Хадж

Хадж

04.08.2012 09:07

Ел аналары

ҚАЗАКСТАН ҚАЖЫЛАРЫ /5 томы/. Атамұра баспасы-2007 (10.04.2011 13:21)
ҚАЗАКСТАН ҚАЖЫЛАРЫ /5 томы/. Атамұра баспасы-2007 
/134-ші бет/

НАЗАРБАЙКЕЛІНІ Әлжан Қонақбайқызы, 1904 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Талапты елінде /Қасық ауылы/ дүниеге келді.  
1977 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында дүние салған. Ән салып, өлең шығаруда оған ешкім тең келе алмаған. Ауқатты отбасымен араласқаны үшін олармен бірге кәмпескеленіп, тұтқындармен бірге Үшқоңыр тауына қоныс аударған. 
Осында бригадир Әбіш Назарбайұлымен танысып, тұрмысқа шықты. Тас жарып, тау қопарған ауыр жұмыстар істеді. 
Соғыс жылдары бір гектар алқапқа жалғыз өзі қызылша егіп, баптап өсірген,ауыл аймаққа жарты күлшесін бөліп берген аса мейірімді, қамқор, иманды адам болған. 
Аллаһтан тілеп жүріп, 1940 жылы тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевты, оның артынан тағы екі ұл, бір қызды дүниеге әкелді. 
2005 жылы Әлжан Ана үшін Аллаһ алдындағы қажылық парызын Астанада осы кісінің атынан кыздар Медресесін салушы Айша Оразбай немересі өтеді.

 

10 Парақ

«БіріншіӘуелгі12345678910КелесіСоңғы»
Which is the best web hosting company which offers all the features that a small business website needs? Read honest ipage review.
Blue Joomla Template developed by Joomla Hosting