Әдебиет және мәдениет

Жетісу жерім-ай...

Әдебиет және мәдениет

19.08.2014 22:45

Бүгін Елбасымыз  Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына жұмыс сапары ауқымында облыс орталығында бағаны тұрақтандыру және Алматы қаласының  айналасында азық-түлік белдеуін нығайту үшін құрылған «Жерұйық-Талдықорған» АӨК» ЖШС коммуналдық кәсіпорнында болды.

Коммуналдық кәсіпорын аумағында облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктері көрсеткішінің көрмесі ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы техникаларымен танысты, ет және ет өнімдерінің экспорттық жеткізілімдері әлеуетін дамыту мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы ауқымында сатып алынған етті тұқымды, соның ішінде шетелдік селекциядағы ірі қара малдарын аралап көрді.

«Жерұйық-Талдықорған» АӨК» ЖШС-ның меншігіндегі үш көкөніс қоймасының жұмысымен танысты. Онда 6000 тоннаға дейін жаңа өнімдерді сақтауға болады. Мұнда ауа баптайтын және жылытатын, сондай-ақ тоңазытқыш жабдықтар орнатылған. Кәсіпорын аумағында газ-генераторлық стансасымен модульдік үлгідегі сыйымдылығы 400 тонналық жеміс қоймасы да бар. Жылыжай кешенінің көлемі 4800 шаршы метр. Мұнда жылына екі рет 120 тоннаға дейін қияр өнімі жиналады, 25 гектар тамшылатып суарылатын жеміс бағы, дербес қазандығы бар. Жеміс-көкөніс өнімдерін өңдейтін цех құрылысы аяқталып келеді.

«Жерұйық-Талдықорған» АӨК» ЖШС-ның өз алқаптарында өсірілген өнімдерін өткізетін коммуналдық базары бар. Жабық павильон ғимаратында көкөніс, сүт және ет бөлімдері, 14 сауда дүңгіршегі жұмыс жасайды, әрқайсысының сыйымдылығы 3000 килограмға дейінгі бес тоңазыту камералары орнатылған.

2

3

4

5

Елбасым Жетісу өңірінде!

/Қазақпараттан/

 

 

Аллаху акбар!

Әдебиет және мәдениет

03.08.2014 01:16

 

Алла тағаланың 100 әмірі мен тыйымы

Әдебиет және мәдениет

12.07.2014 14:30

Адам жаратылыстардың ең абзалы, ақыл, сезім және дене пішімі тұрғысынан ерекше жаратылған.

Аллаһ бүкіл ғаламның Ұлы Жаратушысы. Ол жер бетіндегілердің тамаша өмір сүрулері үшін адам баласын халифа етіп жаратты. Бірақ адамға жол көрсету үшін дін түсіріп және адамдарды оған мойынсұнуды бұйырған.

Ал діннің негізі Аллаһтың  кітабы Құран кәрімде жинақталған.  Оның   әмірлерден,  тыйымдардан  және  өсиеттерден тұрады.



100 ӘМІР МЕН ТЫЙЫМ

1.  Аллаһ тағаланың Жаратушы, Раб және Иләһ сипаттарына шын жүректен сену (иман ету);

2.  Ақиретке (қиямет, қайта тірілу, тағдыр, есеп беру және амалдардың сыйы мен жазасының берілуі) сену;

3. Жақсылық пен жамандықтың жаратушысы Аллаһ екендігіне, жақсылық пен жамандықтың орындалуында адамның да үлесі бар екеніне сену. Аллаһтың  басымызға салғанына  ризалық таныту;

4. Пайғамбарларға және хазреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.)  соңғы пайғамбар екеніне сену;

5. Кітаптарға және Құран кәрімнің соңғы кітап екендігіне сену;

6. Періштелерге сену;

7. Шірк, күпір, қарсылық, екіжүзділіктен аулақ болу. Осыларға апаратын  жолдардан қашық болу;

8.   Намаз, ораза, зекет, қажылық  құлшылықтарын орындау;

9. Жүніп, хайыз және нифастан кейін ғұсыл құйынып, намаз, тәуәп, тіләуәт сияқты құлшылықтар үшін дәрет алу. Дәрет пен ғұсыл алуға шамасы келмейтіндей жағдайда тайяммум алу;

10.  Ойға  алған істі  пысықтау үшін Құран кәрім және хазреті Мұхаммедтің  (с.ғ.с.) сөздері мен іс-әрекеттерін үлгі ету;

11.Хазреті Мұхаммедті (с.ғ.с.)  үлгі ету;

12.Дінді үйрену және үйрету;

13.Аллаһқа  қарсы келуден,  мойынсұнбаудан   қорқу;

14. Дін өз қалауымен таңдалады, амал да шын көңілден жасалады. Ешкімді Исламға кіруге, ал мұсылмандарды амал етуге зорламау;

15.Қасиетті жерлерді, басқалардың да қасиетті деп танығандарына құрмет көрсету;

16.Аллаһқа дұшпандық жасағандармен дос болмау;

17.   Бүкіл  Жаратылыстың Аллаһқа  тән екендігін  мойындау;

18. Діннің әмір және тыйымдарын шын көңілден жақсы көре отырып мойындау және өз қалауымен орындау;

19. Халалдан ішіп-жеу, харамнан   аулақ болу;

20. Тәлім-тәрбиеге көңіл аудару. Білімді үйреніп, үйрету, оның ең бағалы қазына екенін мойындау;

21. Балаларды  имани жолмен  тәрбиелеу;

22. Өзінің және отбасының нәпақасы үшін еңбек ету, оны  халал жолмен табу;

23. Аллаһқа тәуекел ету. Қолынан келгенін істеген соң қалғанын Аллаһқа қалдыру;

24.  Аллаһтың  мейірімінен үміт үзбеу; азабынан қорқу, жәннаттан үміт ету;

25. Аллаһқа  мадақ айту, шүкіршілік ету;

26. Аллаһты  еске алу,  зікір ету;

27.  Тек Аллаһқа ғана дұға етіп,  Одан ғана жәрдем тілеу;

28.  Күнәдан қашық болу, біліп-білмей жасалған күнәлар үшін тәубе ету және кешірім тілеу;

29. Дұға, тәубе секілді құлшылықтарды  араға еш дәнекер қоспай тікелей Аллаһқа ғана  жасау.

30. Басқа түскен қайғы-қасірет, қиыншылықтар үшін  Аллаһқа  қарсы келмеу. Дүниеден өткендер  үшін шашын жұлып, бет тырнамау;

31.Ықылас, тақуа, шыншыл, ихсан секілді жақсы сипаттарға ие болуға тырысу;

32.Жақсылық және ізгі істердің ақиретте сыйлығын, күнә, жаман амалдардың  қияметте  жазасын алатынына  сену;

33 Жауапкершілікті сезіну. Аллаһқа, қол астындағыларға, бүкіл жаратылыстарға деген жауапкершілікті сезіну;

34. Зұлымдықпен, әділетсіздікпен басқаның мүлкіне қол сұқпау, адамның ақысын жемеу, біреуге зияны тиген болса, кешірім сұрау;

35. Адамдардың қандай да бір ақысын жемеу, оларды қорғау, зиян келетін іс-әрекеттерді жасамау. Оларға зиян тигізушілерге қарсы тұру;

36.Адамдарды өзінен кем санамау, мұндай ойлардан да қашық болу, адамдарды тең және азат деп білу;

37. Әртүрлі дінге еріп кетпеу үшін дұрыс жолды таңдау;

38.Мүміндерді бауыр деп білу, бауырлар арасындағы жанжалдарды күшейтпей араларын жарастыру;

39.Тақуалықты алға шығару. Соғыс ең соңғы шешім, оған бар мүмкіншілік, қайрат, жігермен дайын болу,  ұрыс  алаңынан қашпау.

40.Әр адам өзінің жасаған әрбір ісінен сұралады. Ешкім ешкімнің сауабын да, күнәсін де көтермейді.

41.Жер бетінде жақсылық пен әділеттіліктің қанат жаюына  атсалысу,  оны  адамдарға түсіндіру.  Адасушылық, жамандық, лас нәрселерден адамдарды алыстатуға шақыру;

42.Аманатқа қиянат жасамау, сөзінде де, аманатта да сенімді болу;

43. Уәде де тұру;

44. Қандай мәселе болса да қабылданған шешімге мұқият болу;

45. Маңызды істер жасағанда мамандармен ақылдасып, кеңесу;

46. Әр  жұмысты өз  маманына істетуге  мүмкіндік  беру.

47. Ешкімге де көтере алмайтын жүк жүктемеу, әркімге  қабілеті мен мүмкіншілігіне  қарай  тапсырма  беру;

48. Бос және  пайдасыз істермен  айналыспау;

49. Білмейтін нәрселердің соңына түспеу, не пайдасы жоқ істерге  көңіл аудармау.

50.  Жақсы адам болуға ұмтылу, дұрыс нәрсені өсиет ету;

51. Адамдарды мазақтамау, ұнатпайтын лақап атты таңбау, болмайтын нәрсе үшін айыптамау;

52. Адамдардың кемшіліктерін іздемеу;

53. Әртүрлі ысырап пен шектен шығудан  аулақ болу;

54. Сөз тасымау, біреудің сыртынан күмәнді ой ойлаудан қашық болу; нақты болмаса біреуді айыптамау;

55. Жала жаппау;

56. Зұлымдық жасамау. Залымдардың осы және  о дүниеде де жазасыз қалмайтынын білу;

57. Әділетсіздік жасамау және оны  жақтамау;

58. Жамандыққа жақсылық жасау;

59. Нәпсінің қалауларына және шайтанға ермеу, шайтанның  азғыруынан  Аллаһқа  сыйыну;

60. Әртүрлі жамандықтар мен жауыздықтарға қарсы тұру. Керек болған жағдайда  Аллаһ жолында малымен, жанымен жиһад ету;

61. Әртүрлі арсыздықтардан және шектен шығушылықтан аулақ болу;

62. Тәкәппарлықтан, менмендіктен сақтану;

63. Сабырлы болу, мүміндерге сабырлықты өсиет ету.

64.Жасандылықтан сақ болу, сырт көз  үшін құлшылық  жасамау;

65. Әртүрлі іс-әрекет және мәселелде әділ болу;

66. Таразымен өлшеуде, сауда-саттықта  қулық жасамау, алдамау;

67. Пайыз,  сыбайластық, құмар  ойыны секілді арам табыстардан қашу;

68. Ішкілік, есірткі, ұрлық, айлакерлік, күш көрсетіп тартып алу секілді харам істерден  аулақ болу;

69. Ата-анасына қарайласу, оларға үнемі дұға жасап, күнәсінің кешірілуін тілеу;

70.Ұятты жерлерді жабу, ұятты  істерді жасамау;

71. Төсек қатынасын тек некелі жарымен ғана жасап, өмір бойы бірге, бір отбасы болып өмір сүруге ұмтылу;

72. Отбасының ынтымағын сақтау, отбасындағы келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу,  ажырасуды ең соңғы шара ретінде қарастыру;

73. Ажырасуға   тура   келген   жағдайда міндеттерді дұрыс атқару. Әйелінің  мұқтажын өтеу;

74. Арлы-намысты және әдепті болу;

75.  Ар-намысын, ұятын қорғау;

76. Зинадан қашу, зинаға себепші болмау және одан пайда көрмеу, зинаның басқа да түрлерінен аулақ болу;

77. Әйеліне хайыз, нифас уақытында жақындаспау;

78. Өтірік сөйлемеу, жалған хабарды таратпау, өтірікке  куә болмау;

79. Бос және жалған ант ішпеу, берілген уәдені орындау;

80. Сиқыр  жасамау  және балшыларға  сенбеу;

81. Жөнсіз кінә тақпау;

82. Адам өмірін бағалап, оның  ар-намысына тимеу;

83. Адам   өлтірмеу,   зорлық-зомбылық жасамау, өзіне де қол жұмсамау;

84. Жетімдерге қарайласып,  ақысын жемеу, керісінше оны қорғау;  

85. Бүліктен, яғни қоғамның ынтымағы мен татулығын бұзатын іс-әрекет  және пікірлерден  аулақ болу;

86. Қоғамның ынтымағына үлес қосу;

87. Екіжүзді болмау;

88. Сатқындық жасамау, оны ойына да алмау;

89. Өзгелерге  көмектесуге  ұмтылу;

90.Қайтарымын күтпей шын көңілмен қол ұшын созу, садақа беру;

91. Жасалған жақсылықтарды, берілген садақаларды міндет етпеу;

92. Жақын туыс пен достарға материалдық әрі рухани  қолдау көрсету;

93. Мұраны әділ жолмен бөлісу, әйелдерге де мұраның үлесін беру;

94. Ашуланбау, кешірімді болу;

95. Орынсыз дұшпандық жасамау, кек және қан дауынан қашық болу;

96. Қызғанышқа берілмеу;

97. Дөрекі және жауыз болмау;

98. Шектен шықпау;

99. Материалдық және рухани тұрғыда таза болу, тазалықты діннің алғашқы шарттарынан деп білу. Өйткені, Аллаһ тазалықты сүйеді.

100. Үнемі жағымды, әдемі нәрселерді жасау. Өйткені Аллаһ  әдемілікті жақсы көреді.



Смайыл Хасанов

Иман журналы

 

Ақиқат пен қайсарлық

Әдебиет және мәдениет

12.07.2014 14:27

Бір заманда омаяттар әулетінен шыққан халифа Хишам ибн Әбдімәлік  қажылық парызын өтеу мақсатымен қасиетті Мекке қаласына ат басын бұрады. Халифа өзіне лайық хан сарайына орналасқаннан кейін, қызметшілеріне Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) көзімен көрген сахабалардың біреуін болса да өзінің алдына әкелуді бұйырыпты. Алайда, қанша сабылып іздегенмен, нәтиже шықпайды. Өйткені, Пайғамбарды (с.ғ.с.) көрген сахабалардың барлығы дүние салған болатын. Бұл хабарды естіген халифа уәзірлеріне табиғиндерден біреуін табуға әмір береді. Ұзақ іздеудің нәтижесінде Тауыс әл-Ямани есімді табиғинді  патша сарайына алып келеді. Ол халифаға сәлем берместен, оның лақап атын айтпастан, (арабтарда пәленшенің әкесі немесе баласы деп айту кең тараған) және аяқ киімін шешпей еш рұқсатсыз алдына келіп:

– Қалайсың, ей, Хишам!?  – дейді.

Тауыстың мұнысына шыдамаған Хишам ибн Әбдімәлік ызадан жарылардай:

– Бұл не деген бассыздық! Мына менің алдымда бұлай істеуге қалай дәтің барды? Мен саған көрсетемін, көзіңе көк шыбын үймелетемін! Сені зынданда шірітемін!,– деп арыстанша ақырады.

Тауыс еш саспастан:

– Ей, мұсылмандардың әмірі, сен бұлай ете алмайсың! Сен Аллаһтың үйінде тұрғаныңды ұмытпа! – дегенде  халифа:

– Олай болса айт, неге бұлай істедің? – дейді әлі де ашуы  басылмаған халифа.

– Мен не істедім? – дейді табиғин. Халифа:

– Сен аяқ киіміңді төріме шештің, маған мұсылмандардың әмірі деп сәлем бермедің. Мені лақап атыммен атамадың және рұқсатымсыз отырдың, – деген екен. Сонда Тауыс былай деп жауап қайтарыпты:

– Сен маған аяқ киіміңді төріме шештің дейсің. Мен оны ұлы Жаратушы Раббымның алдында күніне бес мәрте шешемін. Ал, Ол мені бұл үшін айыптамайды және маған неге бұлай істедің деп ашуланбайды да. Ал, саған мұсылмандардың әмірі деп сәлем бермегенімнің себебі, адамдардың барлығы сенің әмір болғаныңа разы емес. Өтірікші болудан қорықтым. Ал, неге лақап атыңмен атамадым десең, Аллаһ тағала да пайғамбарларын: «Ей, Дәуіт», «Ей, Яхия», «Ей, Иса», «Ей, Мұса» деп атаған.

Тауыстың  жауабын естіген халифа басын төмен салбыратып, терең ойға шомады. Өзінің тәкәппарлыққа бой алдырып қателік жасағанын түсінген Хишам ибн Әбдімәлік Тауыстан кешірім сұрап, оған үлкен сый-құрмет көрсетеді.

Дайындаған
Файзулла Тайтелиев

 

Адам атаның өсиеті

Әдебиет және мәдениет

12.07.2014 14:22

Адам ата (а.с.) баласы Шит пайғамбарға (а.с.) мынадай бес насихатын айтып, оны кейінгі ұрпағына жеткізуді табыстаған екен:

1. Ұрпақтарыма өткінші дүниеге сеніп қалмауды айт, өйткені мен «мәңгілік қой» деп жұмаққа сеніп едім. Алайда Аллаһ тағала мені ол жерден шығарды.

2. Ұрпақтарыма әйелдері құмартқан әр іске бара бермеуін айт, өйткені мен әйелімнің қалауымен тыйым салынған жемісті жегеніме кейін өкіндім.

3. Ұрпақтарыма бір істі бастамай тұрып, бас-аяғын толық мөлшерлеп алуын айт, өйткені мен ол істің бас-аяғын алдын-ала ойлағанымда бәлкім мұндай болмас еді.

4. Қандай да бір іске ниет еткенде, егер сәл күмән туса, шегініс жасай білген жөн. Өйткені мен тыйым салынған жемісті жерде іштей күмәндандым, бірақ бас тарта алмағандықтан, пұшайман күй кештім.

5. Бір істі бастамай тұрып, білетіндермен ақыл-дасыңдар. Егер мен алдын-ала періштелермен ақыл-дасқанда, мұндай жағдайға ұшырамас едім.

Құдайберді Бағашар

 

3 Парақ

«БіріншіӘуелгі123456789КелесіСоңғы»
Which is the best web hosting company which offers all the features that a small business website needs? Read honest ipage review.
Blue Joomla Template developed by Joomla Hosting